Матч орталығы
Эксперт – Қазақстан Суперкубогы туралы: «Қайрат» 2:1 есебімен жеңеді
28 ақпан, 14:07

Фото: «Қайрат» ФК
Белгілі футбол блогері Әлімжан Тасболатұлы ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан Суперкубогы аясындағы «Қайрат» пен «Тобыл» матчына болжам жасады.
«Ойын қатты тартысты болады деп айтуға келмейді, себебі бұл маусымның басы. Командалар жаңа маусымға енді-енді кіріп жатыр, кеше ғана оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Бастысы – бұл маусымашар ойын, жанкүйерлер көптен сағынып қалған әрі жаңа ойыншылардың деңгейін көретін кездесу. Әрине, екі команда да жеңіске жетуге тырысады, себебі ортада кубок тұр, футболшылар медаль таққысы келеді.
«Қайрат» 2:1 есебімен ұтады деп ойлаймын. Олар Чемпиондар лигасында ойнаған негізгі құрамын сақтап қалды, бірнеше жаңа ойыншы алды. Және жаңа легионерлердің бірі дәл осы ойында көзге түседі деп сенемін», – деді Тасболатұлы.
Еске салайық, Қазақстан Суперкубогын сарапқа салатын матч бүгін Астанада өтеді. Бас төрешінің ысқырығы елорда уақытымен сағат 17:00-де естіледі.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 12 қыркүйек, 12:39
«Челси» емдеу жұмыстарына араласты: «Бернлиде» Дастан Сәтпаевтың қатарға қосылатын уақытын атады
1Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Әлім Динасылов