«Астана» қақпасына гол соққан ойыншы бірінші лига клубына ауысты
19 ақпан, 16:58

Фото: Мирам Сапанов
39 жастағы қорғаушы Мирам Сапанов оралдық «Жайық» клубымен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды ASnews.kz.
2025 жылғы маусымда Сапанов «Атырау» мен Түркістанның «Тұран» командаларының намысын қорғады. Жалпы алғанда, футболшы барлық жарыста 18 матч өткізіп, үш голмен көзге түсті.
Айта кетейік, өткен жылдың сәуір айында қорғаушы Қазақстан премьер-лигасындағы (ҚПЛ) өзінің 200-ші матчын өткізген болатын. Алтыншы тур аясындағы елордалық «Астанаға» қарсы мерейтойлық ойында (1:2) Сапанов гол соғып, мергендігімен көзге түсті.
Өзінің мансабында Мирам Сапанов бірқатар отандық клубтардың, соның ішінде оралдық «Ақжайық», шымкенттік «Ордабасы», «Қайсар», «Каспий», «Қыран», «Жетісу», «Шахтер» және «Ұлытау» сапында өнер көрсетті.
Алдағы маусымда оралдық «Жайық» қазақстандық маман Вячеслав Невольниковтың жетекшілігімен бірінші лигада өнер көрсетеді.
Әлім Динасылов