ҚПЛ клубтары мен еуропалық құраманың экс-футболшысы «Тобылдың» жасөспірімдер командасын баптамақ
19 ақпан, 15:05

Фото: Игорь Бугаев
ҚПЛ клубтары мен Молдова ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Игорь Бугаев «Тобылдың» жасөспірімдер командасының (U-15) бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Өткен маусымда 41 жастағы маман QJ League турнирінде өнер көрсеткен «Тобыл» U-17 командасында Сергей Масленовтың көмекшісі болып жұмыс істеді. Бұған дейін экс-шабуылшы Түркістанның «Тұранында» бас бапкердің ассистенті және оралдық «Ақжайықта» бас сарапшы қызметтерін атқарып, бапкерлік тәжірибе жинақтаған.
Футболшы ретінде Бугаев қазақстандық футболда айтарлықтай із қалдырды. Қостанайлық «Тобыл» сапында ол 104 матч өткізіп (25 гол, 10 нәтижелі пас), елордалық «Астана» (бұрынғы «Локомотив») жейдесінде 64 ойынға (26 гол) қатысты, сондай-ақ павлодарлық «Ертіс» намысын қорғады. Шабуылшы – Қазақстан Кубогы мен Суперкубогының иегері.
Әлім Динасылов