Матч орталығы
Жарыстарды өткізу дирекциясының басшысы жоғары қызметке көтеріледі
11 ақпан, 08:23

Фото: Бақытжан Пазылхайыр
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Жарыстарды өткізу дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр ұйымның атқарушы директоры қызметіне тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы ASnews.kz хабарлайды.
Жаңа футбол маусымының алдында ҚФФ-да белгілі бір құрылымдық өзгерістер орын алып, нәтижесінде кейбір басшылардың қызметтік міндеттері қайта қаралмақ. Қайта құру жұмыстарының бастамашысы – федерация президенті Марат Омаров.
Пазылхайыр Жарыстарды өткізу дирекциясына жетекшілік етуді жалғастыра береді, сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясында жаңа өкілеттіктерге ие болады.
2026 жылғы маусым «Қайрат» пен «Тобыл» арасындағы Суперкубок матчымен ашылады. Ойын 28 ақпан күні «Астана Арена» стадионында өтеді.
Әлім Динасылов