Матч орталығы
13 жастағы қазақстандық футболшы Испанияның аймақтық құрамасына шақырту алды
15 қаңтар, 16:46

Фото: Ғабидолла Оразалы
Испаниялық «Валенсия» клубының 13 жастағы шабуылшысы Ғабидолла Оразалы Валенсия автономды қауымдастығының жасөспірімдер құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазақстандық футболшы Валенсия U-14 құрамасының сапында алғашқы жаттығуын өткізді. Бұл командаға «Эльчеден» бастап «Вильярреалға» дейінгі жергілікті академиялардың үздік ойыншылары жиналған. Құрама жалпы испаниялық деңгейдегі турнирге қатысып жатыр.
Бұған дейін валенсиялықтар турнирдің алғашқы үш ойынында да жеңіске жеткен еді: Наварраны 6:0, Мадридті 2:0 және Баск елін 2:0 есебімен ұтты. Осы нәтижелер командаға Кастилия мен Леонға қарсы матчқа дейін-ақ ширек финалға шығуға мүмкіндік берді.
Ғабидолла Оразалы «Валенсия» сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ағымдағы маусымда 15 матчта 12 гол соғып, нәтижелі ойынымен көзге түсіп жүр.
Әлишер Аманжол