Матч орталығы
Жас қазақстандық футболшы 12-ші голын соғып, «Валенсияға» жеңіс сыйлады
11 қаңтар, 11:36

Фото: Валенсия ФК
Испанияның «Валенсия» клубында өнер көрсететін 13 жастағы қазақстандық шабуылшы Ғабидолла Оразалы «Кельме» жастар командасына қарсы өткен матчта көзге түсті, деп хабарлайды ASnews.kz.
Жас футболшы алғашқы минуттан бастап алаңға оң қапталдағы вингер позициясында шықты. Ойынның екінші таймында Оразалы қарсылас қақпасына үшінші голды соғып, матчтың нүктесін қойды – 3:1. Бұл оның осы маусымдағы 12-ші голы болды.

Ғабидолла испаниялық клубтың қатарына екі жыл бұрын қосылған. Бұған дейін елордалық «Айбын» және «Астана» командаларында өнер көрсеткен. Қазіргі таңда оның командасы турнир кестесінде көш бастап тұр, артында «Вильярреал» мен «Эльче» клубтары келе жатыр.
Әлишер Аманжол