Матч орталығы
«Жетісудың» экс-шабуылшысы: грузиялық клубқа визаның кесірінен ауыса алмадым
3 қаңтар, 08:09

Фото: Стэнли Нкоби
«Тұран» мен «Жетісу» клубтарының бұрынғы шабуылшысы Стэнли Нкоби ASnews.kz сайтына берген сұхбатында грузиялық командаға ауыса алмай қалуына не себеп болғанын айтты.
«Клубтардың біріне қосылу мүмкіндігі болды, алайда Грузия визасын ұзақ күткендіктен, трансфер жүзеге аспады. Менде Қазақстан азаматтығы жоқ, сондықтан Грузияға еркін кіре алмайсың. Енді 2026 жылы команда табамын деп үміттеніп отырмын. Қалауым – Қазақстан Премьер-лигасы немесе Испанияның төменгі дивизиондарында ойнау», – деді шабуылшы.
26 жастағы нигериялық футболшы бұған дейін «Екібастұз», «Түркістан» және «Хан-Тәңірі» клубтарында да өнер көрсеткен. Қазақстанда 66 матч өткізіп, 26 гол соқты, 4 нәтижелі пас берген.
Соңғы айларда Нкоби медиалигада ойнап жүр. Ол ауыр жарақатына байланысты 2023 жылдан бері кәсіби деңгейде матч өткізген жоқ.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
1ҚПЛ 27 қазан, 15:49
Чемпиондар лигасынан жанкүйерлермен жанжалға дейін: Уразбахтин «Қайраттан» қалай кетті
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол