Матч орталығы
«Хартс» бапкері Чесноковтың трансфері туралы: жұма күні ұшып келуі керек
30.12.2025 23:40

Фото: Ислам Чесноков
«Хартс» командасының бас бапкері Дерек Макиннес Ислам Чесноковтың шотландиялық ұжымға қашан қосылатынын айтты.
«Ислам сенбідегі ойынның дәл алдында – жұма күні ұшып келеді. Оны тіркеуге тағы 2-3 күн кететін сияқты. Бұл біздің еркімізден тыс жағдайлар, бірақ клубтағылар бұл футболшының келуін асыға күтіп отыр», – деп келтіреді маманның сөзін шотландиялықтардың ресми сайты.
Еске салайық, «Тобылдың» экс-шабуылшысы «Хартсқа» еркін агент ретінде ауысқан болатын. Өткен маусымда ол 29 матч өткізіп, 10 гол соқты және бес нәтижелі пас берді.
Эдинбургтік клуб Шотландия чемпионатының турнир кестесінде көш бастап тұр. Сенбі күні олар 18 ойында бір ғана жеңіске жеткен басты аутсайдер – «Ливингстонға» қарсы ойнайды.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол