Матч орталығы

Футбол
УкраинаУкраина кубогы
ШахтерШахтер
3:0Аяқталды
Динамо КиевДинамо Киев
Футбол
ГерманияГермания кубогы
Рот ВайссРот Вайсс
1:2Аяқталды
ЛейпцигЛейпциг
Футбол
ГерманияГермания кубогы
ГамбургГамбург
1:3Аяқталды
АйнтрахтАйнтрахт
Футбол
ИталияА сериясы
СассуолоСассуоло
2:6Аяқталды
ЛациоЛацио
Футбол
ИспанияИспания кубогы
КуартеКуарте
0:2Аяқталды
ЖиронаЖирона
Футбол
ИспанияИспания кубогы
Сестао РиверСестао Ривер
4:3Қос. уақытта
ЭспаньолЭспаньол
Футбол
ИспанияИспания кубогы
Pinatar CFPinatar CF
1:3Аяқталды
ЭльчеЭльче
Футбол
АзияАФК Чемпиондар лигасы
Аль ШамальАль Шамаль
3:1Аяқталды
Аль ХиляльАль Хиляль
Футбол
ИспанияИспания кубогы
КастельоненсеКастельоненсе
1:2Қос. уақытта
АльмерияАльмерия
Хоккей
ШвейцарияҰлттық лига
РапперсвильРапперсвиль
1:2Қос. уақытта
СерветтСерветт
Хоккей
ШвейцарияҰлттық лига
ЛозаннаЛозанна
3:9Аяқталды
ЛангнауЛангнау
Футбол
ИспанияИспания кубогы
Химнастик СеговианаХимнастик Сеговиана
0:1Аяқталды
ЛеонесаЛеонеса
Футбол
ИспанияИспания кубогы
РСД АлькалаРСД Алькала
1:3Қос. уақытта
Лас ПальмасЛас Пальмас
Баскетбол
ЕуропаЕуролига
БаварияБавария
84:88Аяқталды
БарселонаБарселона
Баскетбол
ЕуропаЕуролига
ВаленсияВаленсия
86:78Аяқталды
ФенербахчеФенербахче
Футбол
ГерманияГермания кубогы
БоруссияБоруссия
3:2Аяқталды
ВердерВердер
Футбол
ИталияА сериясы
ТориноТорино
1:3Аяқталды
КомоКомо
Футбол
ИталияА сериясы
РомаРома
4:2Аяқталды
КальяриКальяри
Футбол
ИспанияИспания кубогы
АрозаАроза
2:0Аяқталды
ПонтеведраПонтеведра
Футбол
ИспанияИспания кубогы
Рекреативо УэльваРекреативо Уэльва
2:3ОТ
Райо ВальеканоРайо Вальекано

«Қытайда стадиондар салынуда, ал бізде синтетика төсей салады»: Отарбаев – инфрақұрылым жайлы

03.12.2025 14:35

«Қытайда стадиондар салынуда, ал бізде синтетика төсей салады»: Отарбаев – инфрақұрылым жайлы

Фото: Самат Отарбаев

Өз буынының ең ерекше әрі назар аударарлық қазақстандық мамандардың бірі Самат Отарбаев кәсіби жолын ҚПЛ клубтарының қақпашысы ретінде бастап, қазір әлемдегі ең жабық аймақтардың бірінде – Қытайдың Шыңжаң өңірінде жастар құрамаларымен жұмыс істеп жүр. Самат «Ордабасы», «Қыран», «Ақтөбе» және «Тараз» клубтарында ойнап, Қазақстан ұлттық құрамасына да шақырту алған. Ал бірнеше жыл өткен соң күтпеген жерден Қытайдың Шыңжаң аймағынан табылып, U-18 және U-20 жүйелерінде жас қақпашылар мен ойыншыларды тәрбиелеуге кірісті.

Қытайда өткен бір жыл оның мансабында ерекше кезең болды: басқа футбол, басқа мәдениет, басқа тәртіп, басқа жұмыс стилі. ASnews.kz порталына берген сұхбатында Шыңжаң сияқты жабық аймақтағы жұмысы жайлы айтып, одан бөлек, мына мәселелерді қамтып өтті:

  • неліктен қытайлық жас футболшылардың қазақстандықтарға қарағанда атлетизмі жақсы болғанымен, креатив жағынан артта қалатыны туралы;
  • ҚПЛ-дағы инфрақұрылым, сыйақылық жүйе әрі қаржылық жағдай жайлы;
  • Клубтар болмағандықтан кәсіби мансабын тоқтатуы мүмкін жастардың болашағы жөнінде;
  • Қазақстандағы қақпашылар мектебінің өрлеуі мен бәсекелестік жайында;
  • Қазақстанда жұмыс істеу ниеті және жастар құрамасының бапкерлік штабына қосылу арманы туралы.

«Қытайда атлетизм жақсы дамыған, ал бізде креатив пен еркіндік бар»

– Қытайда бір жылға жуық уақыт жұмыс жасап, Шыңжаңның U-18 және U-20 жасөспірімдер құрамаларында қызмет атқардыңыз. Жұмыс үрдісі жайында айтып берсеңіз.

– Негізі наурыз айында Эдуард Борисович Глазуновтың шақыруымен Шыңжаңға келдім. Басында U-18 құрамасында жұмыс жасадым. Яғни, Шыңжаң-Ұйғыр аутономиялық өлкесінің үздік ойыншыларынан жасақталған команда. Құлжа, Алтай, Ақсу, Тарбағатай, Тұрпан, Қорла, және Хотан өлкелеріндегі жас дарындардан құралған. Қытай Халық Республикасында төрт жылда бір рет Олимпиада сияқты, ұлттық ойындар өтеді. Әрбір провинциядан бір команда шығады. Қытай спортшылары үшін ұлттық ойындар бәрінен де маңызды боп келеді. Бізді дәл осы жарысқа дайындалуға шақырған. Маусым айында іріктеу кезеңі өтті. Екінші орын алып, топтан шықтық.
Кейін үздік командалар қазан айында Шэньчжэнь қаласында жиналды. Топтық кезеңнен шықтық, алайда 1/8 финалда ұтылып қалды. Ақырында, жетінші орын алдық. 18 жасқа дейінгі команданың жарысы тәмәмдалған соң, маған U-20 құрамасын баптауды ұсынды. Алайда бұл жігіттермен де ұлттық ойындарда жетінші орын алдық. Бұл сәйкестік пе, әйтеуір екі командамен де жетінші орынға жеттік.

– Бұл футболшылар ары қарай қайда барады?

– Шыны керек, бұл жігіттер ары қарай қайда баратынын білмеймін. Шыңжаң өлкесінде жаңа клуб ашылады деген қауесеттер де бар. Қытайдың ең үлкен провинциясында клубтың болмауы қиын жағдай, өйткені егер де бұл жастар ары қарай клуб таппаса, мансабын аяқтауға мәжбүр болады. Олар футболдан басқа ештеңе білмейді һәм сабақтарын да оқымаған. Футбол болмаса, әке-шешелеріне көмектесіп, мүмкін саудамен айналысатын шығар. Осы уақытқа дейін ойнаған ойындары ештеңеге керек емес болып қалуы мүмкін. Шыңжаңда клуб ашпаса, бұл жастарға обал болады. 

– Қазақстан мен Шыңжаң футболының өзгешеліктерін айтып өтсеңіз.

– Қазақстан мен Шыңжаңның футболшыларын салыстырсақ, осы жердегі жігіттердің атлетизмі жақсы дамыған. Ұлттық ойындарға дайындық ретінде жастар тестілеуден өтеді. Егер де одан өте алмаса, жарысқа қатыса алмайды. Іріктеу кезеңінің алдында жүгіру, секіру және белтемірге тартылудан сынақ өтеді. Қазақстандағы 18 жастағы футболшылардың жартысы тіпті он рет тартыла алмайды. Ал Қытайда нағыз атлеттер даярланады. Әр футболшы қанша рет тартылатынын санаймыз. Бір жағынан, Қытайдағы балалар креатив жағынан нашар келеді. Қазақстандағы ойыншыларда креатив дамыған, өйткені футбол ойнаудағы еркіндік бар. Шыңжаңдағы коммунизм, партиялық тәртіп болғасын, бұл тіпті футболдағы еркіндікке әсер етеді. Жастар өз ынтасымен жаңаша ойнаудан қорқады. Өмір бойына олар сондай болып қалған. Ал біздегі жігіттерге ұнады ма, олар істей салады. Креативтің еш жаман тұсы жоқ. 
Шыңжаңға Қытайда көзқарас басқа. Біз біраз жеңістерден кейін кейбір матчтарда төрешілердің әділетсіздігін байқадық. Мұндай дүниелер болады, балалардың өзі де сезіп жүрді. Мүмкін, бұл да нәтижеге әсер еткен шығар.

«Жоғары прессингпен ойнадық – бұл қытайлықтар үшін таңсық дүние»

– Сіз селекциямен айналыстыңыз ба, әлде қақпашылар құрамы келген кезде дайын болды ма?

– Жоқ, мен келгенде бәрі дайын еді. Үш қақпашыны берді, қосымша іздеуге уақыт та болған жоқ. U-18 құрамасымен көбірек жұмыс істедім. Үшеуі де – ұйғыр жігіттер. Тілдері түркі болғандықтан, бір-бірімізді тезірек түсіндік. Кейде мен оларды, кейде олар мені түсінбей қалатын. Уақыт өте келе өзара түсіністік пайда болды. Бір жыл бірге жұмыс істеген соң олар маған туған балаларымдай болып кетті.
Менің маман ретінде де тәжірибем жоқ – былтыр ғана оқу бітірдім. Теория – бір бөлек, ал нақты жаттықтыру – мүлдем басқа. Өз тәжірибемді бөлісуге тырыстым, олар да үйренуге құштар болды. Басқа ел, басқа тіл, басқа мәдениет, басқа жарыс форматы – бәрі мен үшін үлкен тәжірибе болды.

– Қазақстан мен Қытай қақпашылар мектебі бір-бірінен қаншалықты ерекшеленеді?

– Жарыстарда өте жақсы голкиперлерді байқадым: харизмасы бар, шабуылшыны бір қарағаннан-ақ сындыратын қақпашылар. Әлсіздері де бар. Қытай футболы негізінен қорғанысқа сүйенеді. Көп командалар қарымта шабуыл арқылы ойнайды. Шабуылда қателік болса, бірден қорғанысқа отырады. Жоғары прессинг өте сирек. Сондықтан олар өте сақ ойнайды.
Ал біз Шыңжаң құрамаларында жоғары прессингті қолдандық. Мұндайда қақпашы мен қорғаушылар арасындағы аралық ашылып кетеді, қақпашы сол бос аймақты жауып, қорғаушыларға көмектесуге дайын болуы керек. Бірақ жергілікті голкиперлер бұған үйренбеген.
Психологияға да көп мән бердім. Әр баланың отбасымен, жағдайымен, мінезімен таныстым. Уақыт болды, сондықтан әр қақпашымен жеке жұмыс істедім. Олар қателессе – тұңғиыққа түсіп кетеді. Қателіктен қорықпау керек екенін түсіндірдім. Қазақстанға қарағанда қорқақтық басым. Мен жас болғанда бапкерлерім әр әрекетімді видеоға түсіріп көрсететін. Бұл көп көмектесті. Мұнда да сондай әдістерді қолдандым.

«Қытайда стадиондар бос тұр, ал бізде ойнайтын жер жоқ»

– Инфрақұрылым мәселесіне келсек. Қытайда стадион көп, бірақ футбол дамымаған. Қазақстан керісінше – инфрақұрылым әлсіз, бірақ футбол жақсырақ. Неге?

– Қытай бізге жақындап келеді. Қазақстанда біраз жылдар бойы футболға көп ақша жұмсалды, бірақ көбі легионерлердің жалақыларына кетті. Инфрақұрылымға көңіл бөлінбеді. Соның салдарынан нақты нәтиже болмады. Қазір ұлттық құраманың жетістіктері бар, оны мойындау керек.
Қытайда тек ойыншыларға емес, инфрақұрылымға да көп қаржы құйылады. Бір Үрүмжіде үш тамаша стадион бар. Бірі – 35 мыңдық, табиғи көгал, жаңа, бірақ бос тұрады. Біздің базада үш алаң бар – екеуі табиғи, біреуі синтетика. Құлжаның климаты Алматыға ұқсайды – жаңа арена салып жатыр. Шэньчжэньнің өзінде бес стадион бар. Қытайлықтар футболды сүйеді, нәтиже болмаса да стадион салады.
Ал бізде жағдай қандай? Қызылордада жаңа стадион салынды – қар жоқ, климат табиғи көгалға өте қолайлы. Бірақ синтетика төседі. Неге? Көпшілігі: «арзанырақ, күтімі аз» деп ойлайды. Бірақ бұл – жарақаттың негізгі себебі.
Балалар футбол мектебін ашқаныма екі жыл болды. Көп балаларда Осгуд–Шлаттер дерті (тізе асты) кездеседі. Бұрын бұндай болмаған. Дәрігерлер мұны жасанды алаңның салдары дейді. Балалар кәсіби футболға жетпей жатып жарақат алып жатыр.
Қытайда резерв аз, бірақ инфрақұрылым керемет. Футбол №1 спорт емес, соған қарамастан қаржы көп. Слуцкий жаттықтыратын «Шанхай Шэньхуа» да чартермен ұшпайды – барлық командалар кәдімгі рейстермен ұшады. Ал бізде кезінде барлық клубтар чартермен ұшатын. Бұл – үлкен шығын.
Ұлттық ойындарда бізге ұсынылған сыйақылар ҚПЛ-дағы жылдық табысымнан да көп болды. Алғаш естігенде өзім сенбедім. Қытай футболына құйылып жатқан қаржы – расымен орасан.

«Қазақстанда қақпашыдар арасында үлкен бәсекелестік пайда болды»

– Енді, Қазақстан футболына оралсақ. Биылғы жыл – қазақ балалары да қақпашы бола алады дегенге дәлел деп санайсыз ба? 

– Алмат Бекбаев екеуміз бұл жайында көп сөйлесетін едік. Дәл қазіргі уақытта шынымен де ұлты қазақ қақпашылар көп. Мұхаммеджан Сейсен, Шерхан Қалмұрза, Темірлан Анарбеков, Бекхан Шайзада, тіпті жастар арасында шығып жатқан Мадияр Төлеубек, Саят Құсайынов. Қақпашылар мектебі мақтанарлықтай. Қайсысын қойсаң да, жақсы ойнап беріп жатыр. Намысты бермейді. Дәл осымен мақтанамын. 
Әрине, мен де ұзақ ойнамағаныма әрі құрама жейдесінде бірде-бір ойын өткізбегеніме өкінемін. Бірақ осы жігіттер Қазақстанда жақсы қақпашылар бар дегенге бірден-бір дәлел. Қаны қазақ, намысты ойыншылар көп болсын. Барлығына да сәттілік тілеймін. Көп болғаннан кейін қақпашылар арасында жоғары бәсекелестік болады. Бәсекелестік болғасын, даму болады. Даму болмаса, біздің құрама өспейді. Атап өткен қақпашылар бәсекелестіктен қорықпай, тек алға дами берсе, прогресс болады. Екі-үшеуі қолын бос сермеп қалса, олар өздері де, алдында тұрған қақпашылар да өспей қалады. Сол себепті, бәсекелестікті ұстау керек. Жігіттер өсуді тоқтатпау керек әрі бәсекеден қорықпауы тиіс. Ауырады ма? Сол жерге бар. Дәл осы сөзді маған бапкерім Олег Игоревич Воскобойников айтқан. 

– Келісімшартыңыз аяқталды. Қытайда қалу жоспарыңызда бар ма?

– Қытайда тұрғанның бір минусы – отбасым жанымда емес. Оларды алып келейін десем, балаларымның сабағы бар, әрі әйелімнің аяғы ауыр. Дегенмен, Қытайда қаржылық жағынан да, тәжірибе жағынан да маған жақсы. Алдағы уақытта басшылықпен сөйлесетін боламыз. Қазіргі таңда келісімшартты созатын сияқты, алайда нақты ештеңе айта алмаймын. Жеке өзім қалғым келеді. Басында Қытай маған түсініксіз ел болды. Жабық қоғам, жабық ел. Бірінші күндері дәл осындай күйде болдым. Ешбір әлеуметтік желілері істемейтін еді. Тілмен қиындықтар бар, алайда Қытайда халық үшін барлығы да қолайлы. Егерде келісімшартты ұзартуды ұсынса, мен қаламын. Қазақстандағы ұсыныстарды айтсақ, мен барлығына да дайынмын. 

– Қазақстан жастар құрамасына бапкерлік қызметке шақырса, барар ма едіңіз?

– Әрине, мұндай арманым да бар. Ұлттық құрама деп айтпай-ақ қояйын, өйткені қазір қақпашылар бапкері болып өзімнің ұстазым Олег Игоревич Воскобойников істеп жатыр. Жастар құрамасында қызмет етуге болады. Ол да маған үлкен тәжірибе болады. Құраманың аты – құрама. Нәтиже толығымен көңілден шықпай жатса да, мен өз елімнің патриотымын, сол себепті мен ұлттық құрамаға керек болсам, баруға дайынмын. Бұл – менің арманым. Виктор Балютович Кумыковпен «Ордабасыда» жұмыс жасағанда, ол кісі «мен қай жерде жұмыс жасасам, сол жердің патриотымын» деп айтатын. Сол сияқты, мен қазір Шыңжаңдамын. Келісімшартпен жұмыс жасап жатқасын, мен де бұл жердің патриотымын. Алайда Қазақстан азаматы болған соң, Қазақстанда жұмыс жасағым келеді. Ұлттық құрамаға керек болсам, қуана барамын. Келісімшартымды Шыңжаң құрамаларымен ұзартып, бірақ бос уақытымда ұлттық құрамадағы қызметімді де алып жүрсем, бұл мен үшін де, Шыңжаң үшін де абырой болады.

Басты жаңалықтар

Басқа  27 қазан, 21:11

Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды

1
ҚПЛ  27 қазан, 19:44

«Қайрат» Қазақстан құрамасының ойыншысына қызығушылық танытуда

2
ҚПЛ  27 қазан, 18:11

ҚПЛ клубтары «Ториноның» бұрынғы шабуылшысына таласуда

3
Халықаралық футбол  27 қазан, 17:19

Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті

4
ҚПЛ  27 қазан, 15:49

Чемпиондар лигасынан жанкүйерлермен жанжалға дейін: Уразбахтин «Қайраттан» қалай кетті

5
ҚПЛ  27 қазан, 13:46

«Тобылдың» жұлдызды легионері «Қайратқа» ауысуы мүмкін: толығырақ

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
29
21
5
3
38
68
2
ҚайратҚайрат
29
19
7
3
37
64
3
АстанаАстана
29
15
8
6
17
53
4
ОқжетпесОқжетпес
29
15
6
8
8
51
5
АқтөбеАқтөбе
29
13
7
9
7
46
6
ЕлімайЕлімай
29
12
9
8
2
45
7
ТобылТобыл
29
12
5
12
1
41
8
ҰлытауҰлытау
29
9
8
12
-8
35
9
ЖеңісЖеңіс
29
8
9
12
-9
33
10
КаспийКаспий
29
9
6
14
-11
33
11
ҚызылжарҚызылжар
29
8
6
15
-12
30
12
ЕртісЕртіс
29
7
8
14
-15
29
13
АтырауАтырау
29
5
12
12
-11
27
14
АлтайАлтай
29
6
9
14
-11
27
15
ЖетісуЖетісу
29
6
8
15
-18
26
16
ҚайсарҚайсар
29
4
13
12
-15
25