Матч орталығы
Уэльстің экс-ойыншысы – бүгінгі матч жайлы: бір-екі доп айырмасымен жеңіске жетеміз
04.09.2025 12:25

Фото: Натан Блейк
Қазақстанға қарсы матч қарсаңында Астанаға келген Уэльс құрамасының бұрынғы шабуылшысы Натан Блейк BorodAbata.kz (AS News) тілшісі Әлім Динасыловқа берген сұхбатында сапардан алған әсерімен және ойын жайлы пікірімен бөлісті.
«Сапар жақсы өтіп жатыр. Әрине, аздап шаршадық, бірақ жалпы Қазақстан әдемі жер. Ауа-райы тамаша, стадион керемет. Мен бүгінгі матчты асыға күтемін. Оңай болмайтыны анық: Қазақстан да, Уэльс те қауіп төндіруді біледі және оңайлықпен беріле салмайды. Бірақ мен бір-екі доп айырмашылығымен жеңіске жетеміз деп үміттенемін», – деді Блейк.
Қазақстан – Уэльс ойыны 4 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Астана Аренада» өтеді.
Натан Блейк – «Кардифф Сити», «Болтон», «Блэкберн», «Вулверхэмптон» және басқа да ағылшын клубтарының бұрынғы шабуылшысы. Ол кәсіби мансабында 458 кездесу өткізіп, 145 гол соқты, сонымен қатар Уэльс құрамасында 30 ойынға қатысып, төрт голды өз атына жазды (1994–2003).
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов