Матч орталығы
Уэльс бапкері – Қазақстанмен болатын матч жайлы: оңай жеңіске жетеміз деп ойлау дұрыс емес
03.09.2025 21:09

Фото: Крейг Беллами
Уэльс құрамасының бас бапкері Крейг Беллами Қазақстанға қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында команданың дайындығы мен алдағы матчтың ерекшеліктеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BorodAbata.kz (AS News).
«Мен Бельгияға қарсы қорғаныста нашар ойнадық деп айтқан жоқпын. Бізге бір-екі нәрсені түзету керек болды, өйткені бельгиялықтар мен қазақстандықтар ойыншылар жағынан қатты ерекшеленеді. Мен көптеген қазақстандық жас ойыншыларды көрдім – олар сіздің командаңыздың болашағы.
Ертең қандай да жағдайға қарамастан қиын матч болады. Ешкім бұл жерге келіп, оңай жеңіске жетеміз деп жоспарлай алмайды. Жасанды төсенішке келетін болсақ, біздің ойыншыларымыз үшін бұл бейтаныс алаң, мұндай төсеніште ойнайтындар аз. Бірақ мұндағы алаңның сапасы өте жақсы екен», – деді Беллами.
Қазақстан - Уэльс ойыны 4 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Астана Аренада» өтеді.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов