Матч орталығы
Әлиев – Уэльспен болатын ойын жайлы: Тапалов пен Чесноков көмектесе алмайды
03.09.2025 17:15

Фото: Әли Әлиев
Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Уэльске қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында команданың дайындығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BorodAbata.kz (AS News).
«Біріншіден, барлығына осы матчқа дайындыққа көмектескені үшін алғыс айтқым келеді. Біз футболшыларымыздың ойынын тамашалау үшін барлық қалаларды араладық. Осы тұста клубтардың басшылығына алғыс айтамын – фитнес жағынан да, тактика жағынан да ойыншылар прогресс жасады, мұны жаттықтырушылар штабы анық байқады. Ойыншылар оқу-жаттығу жиынына жақсы көңіл-күймен және үлкен шабытпен келді.
Өкінішке орай, шығын жоқ емес. Еркін Тапалов күнтізбенің тығыздығына байланысты қатардан шығып қалды. Ислам Чесноковтың да шамалы проблемалары бар, сондықтан біз Уэльс пен Бельгияға қарсы ойындағы стратегияға сүйене отырып, нақты шешім қабылдаймыз. Жаттықтырушылар мен клуб басшыларына көрсеткен көмектері үшін тағы да алғыс айтамын – олардың әрқайсысы дайындыққа өз үлестерін қосты», – деді Әлиев.
Қазақстан – Уэльс ойыны 4 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Астана Аренада» өтеді.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 30 қазан, 12:41
ҚПЛ клубының функционерлері атышулы айыптаудан кейін БАҚ сұрақтарына жауап беруден бас тартты
1Халықаралық футбол 30 қазан, 08:17
«Бернлидегі» Сәтпаевтың бапкері жаңа ассистенттерді қатарға қосады
3ҚПЛ 29 қазан, 21:02
«Қазақстанда лига құрамадан мықтырақ, ал Грузияда керісінше»: Бьорн Йонсен – ҚПЛ дамуы туралы
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25