Матч орталығы
Бородюк Зайнутдиновтың «Динамоға» ауысуын қолдады
31.07.2025 08:30

Фото: Александр Бородюк
Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Александр Бородюк BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Бақтиер Зайнутдиновтың мәскеулік «Динамоға» ауысуы туралы пікірімен бөлісті.
«Мен Бақтиерға Мәскеудің «Динамосында» жақсы ойнап кетуін және сәттілік тілеймін. Ол спортшы ретінде де, адами тұрғыдан да өте жақсы футболшы. Өзін Еуропада қайта сынап көре ме? Бұл оның жеке жоспарлары, оның қайда ойнағысы келетіні және қайда ауысатыны туралы айтудың қажеті жоқ шығар. Бұл оның жеке шешімі. Мен оған бар жақсылықты және «Динамо» секілді ұлы клубта барынша жақсы ойнап кетуін тілеймін», – деді Бородюк.
28 шілдеде мәскеулік клубтың баспасөз қызметі Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың трансфері жайлы хабарлаған болатын. Келесі күні футболшы «Динамо» сапында дебют жасап, Ресей кубогында «Сочимен» болған ойынға қатысты.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов