«Кейде балағат сөз де керек»: ҚПЛ чемпионы Ван ’т Схип пен Қазақстанның Ұлттар лигасындағы сәтсіздігі туралы

8 қазан, 11:30

«Кейде балағат сөз де керек»: ҚПЛ чемпионы Ван ’т Схип пен Қазақстанның Ұлттар лигасындағы сәтсіздігі туралы

«Ертіс» пен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бұрынғы бас бапкері Ойрат Садуов ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Джон ван ’т Схиптің ұлттық құрамадағы болашағын бағалады.

Фарермен болған сәтсіздіктің себебі неде?

«Меніңше, футболшылар алаңға Фарерді оңай ұтамыз деген оймен шықты. Бірақ көрдіңіздер ғой, қарсылас бірнеше мүмкіндік жасап, бірінші болып гол соқты. Шамасы, артық сенімділік кедергі болды. Жағдай ушыққанда ғана оянып, өздерінің нағыз ойынын көрсете бастады.

Молдоваға қарсы ойында да осылай болды – тек есепті теңестіріп үлгермеді (1:2). Біздің команда, неге екені белгісіз, есепте ұтылып жатқанда ғана іске қосылады. Дегенмен жігіттердің қасында болмаған соң, менталитет туралы дөп басып айту қиын. Олардың көздерінде от бар екенін байқадым – ешкім ұятқа қалғысы келген жоқ. Бәлкім, іштей бірдеңе үзіліп кеткен шығар».

Нидерландтық маманның стилі туралы

«Қазақтарға басқа тәсіл керек. Ван ’т Схип еуропалық сыпайы сөздермен командаға ойын жеткізбек болған шығар, бірақ кейде балағат сөз де араластыру керек. Үш орталық қорғаушымен ойнау тактикасы ма? Бұл өз алаңыңдағы матчтар үшін тиімді сұлба: шабуылда да, қорғаныста да жақсы ойнайсың. Осының арқасында Қазақстан басында қауіпті шабуылдар ұйымдастырды».

Ван ’т Схипке мүмкіндік беру керек пе?

«Экс- бапкер ретінде оған әрі қарай жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек деп есептеймін. Есімде, 2008 жылы бес турдың қорытындысы бойынша «Ертіспен» ҚПЛ-да соңғы орындардың бірінде келе жатып, маусымды үшінші орынмен аяқтадық. Алтыншы чемпиондыққа сәл ғана жетпей қалды. Сондықтан нидерландтық бапкерді қызметінен қуу туралы айту қиын. Оның үстіне, оны Байсуфинов сияқты жақын танымаймын».

Дерек: 2008 жылғы маусымда павлодарлық клуб чемпион атанған «Ақтөбеден» небәрі бес ұпайға қалып қойған (67 ұпайға қарсы 62).

«Оның қарамағында Сәтпаев, Чесноков және ұзақ уақыт бойы Самородовтың болмағанын ескеру қажет. Бұл бүкіл Қазақстан үшін үлкен жоғалту. Мұндай шабуыл шебі болса, бапкердің басы ауырмас еді», – деді 65 жастағы маман.

Еске сала кетейік, Ұлттар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен тең түсті (2:2). «Аякстың» бұрынғы бапкері Джон ван ’т Схиптің командасы екі ұпаймен Словакия және Молдова орналасқан топта соңғы сатыда келеді.

Ойрат Садуов – «Ертістің» бұрынғы бапкері әрі спорт директоры. Ойыншы ретінде ел біріншілігі мен Кубогын жеңіп алған.

Қазақстандық шабуылшы Еуропаның танымал клубымен келісімшартқа отырды

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  8 қазан, 13:25

«Еңбек ақталды»: бельгиялық «Генк» 17 жастағы қазақстандықпен келісімшартқа отырғанын ресми мәлімдеді

1
Ұлттық құрама  8 қазан, 13:20

Эксклюзив: Қазақстанға қарсы ойнаған Фарер аралдарының капитаны жиһаз сатушысы болып жұмыс істейді

2
Ұлттық құрама  8 қазан, 11:30

«Кейде балағат сөз де керек»: ҚПЛ чемпионы Ван ’т Схип пен Қазақстанның Ұлттар лигасындағы сәтсіздігі туралы

3
Халықаралық футбол  8 қазан, 08:33

Бес ойыншысы жоқ, Сәтпаев әзірге белгісіз: «Бернлиде» жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды

4
ҚПЛ  7 қазан, 23:09

«Қайратқа» қарсы алаңға шықпай қоя ма?: «Жетісу» ойыншылары қарызға байланысты әкімге хат жазды

5
ҚПЛ  7 қазан, 19:27

«Ақтөбе» жұлдызы Алжирге қарсы ойын туралы: ҚПЛ-дан кейін деңгейлердің айырмашылығын байқамадым

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22