Мәулен – ұлттық құрама бапкері жайлы: жаңа бапкерді Югославия жақтан қарастыру керек

7 қазан, 13:48

Мәулен – ұлттық құрама бапкері жайлы: жаңа бапкерді Югославия жақтан қарастыру керек

Фото: Джон ван 'т Схип

Қазақстандық спорт журналисі Ермұхамед Мәулен ұлттық құраманың қазіргі бапкері Джон ван’т Схип қызметінен кеткен жағдайда, команданы лайықты түрде басқара алатын бапкерлердің есімін атады, деп хабарлайды ASnews.kz.

Менің ойымша, Ван’т Схип 100 пайыз қызметінен кетеді. Бұл тек уақыт еншісіндегі сұрақ. Оның орнына бір жарым ай ішінде жаңа бапкер тауып үлгере ме? Жаңа бапкер келсе, қалған екі матчты жолдастық матч ретінде қабылдап, футболшылармен танысып, алдағы циклге дайындалуға болады.

Сондай маманды таңертеңнен бастап іздеу керек. Қазір бос жүрген бапкерлер жетеді. Мысалы, «Вильярреалдың» бапкері Марселино Тораль бар. Пауло Бенту бұған дейін біздің тізімде болған. Оны да көндіруге болатын еді. Хосе Луис Мендилибарды алайық.

Жеке өзім жаңа бапкердің Югославия жақтан келгенін қалар едім. Менталитеті де, тілі де бізге ұқсас. Сербияны әлем чемпионатына шығарған Миодраг Божович, Младен Крстаич дегендер қазір бос жүр.

«Ақтөбені» жаттықтырған Штефан Таркович те бар. Ол ұлттық құрама тізгінінде жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Словакиямен болған матч кезінде стадионда отырды, Жуков, Шушеначев, Ерлановтармен қуана-қуана жүздесті. Қайтадан Қазақстанға шақырсақ, келуі мүмкін.

Бізге тактика қоя алатын сауатты бапкер керек. Біздің футболшылар жаман емес. Адамдар «мыналар ойнай алмайды, артқа пас береді» деп айтып жатады. Тактика болмағаннан кейін ғой осылай жасап жатқаны», – деді Мәулен «Бірінші бол» арнасындағы подкастта.

Қазақстан құрамасы Джон ван’т Схиптің жетекшілігімен төрт матч өткізіп, екеуінде тең түсті, екеуінде жеңілді. Қазір ұлттық құрама С3 тобында екі ұпаймен ең соңғы орында келеді.

Қыркүйек-қазан айындағы Ұлттар лигасының матчтарынан кейін Қазақстан ФИФА рейтингінде 111-ші орыннан 117-ші орынға түсіп қалды.

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  7 қазан, 15:36

Қазақстандық шабуылшы Еуропаның танымал клубымен келісімшартқа отырды

1
Ұлттық құрама  7 қазан, 13:48

Мәулен – ұлттық құрама бапкері жайлы: жаңа бапкерді Югославия жақтан қарастыру керек

2
Ұлттық құрама  7 қазан, 12:24

«Электриктер мен жиһаз сатушылар»: фарерлік экс-футболшы Қазақстанның кіммен тең ойнағанын айтып берді

3
Ұлттық құрама  7 қазан, 11:49

Белгілі футбол функционері: Қазақстан құрамасын қайта құру қажет

4
Ұлттық құрама  7 қазан, 09:34

ҚФФ президенті Марат Омаров Қазақстан құрамасының сәтсіздіктері аясында инстаграм-аккаунтын өшіріп тастады

5
Ұлттық құрама  7 қазан, 08:08

«Үшінші гол соғуға уақыт жетпеді»: Жуков – Фарермен ойын және Ван ‘т Схиптің стилі туралы

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22