Матч орталығы
«Аяғымен жұлып алу керек»: Қазақстан құрамасының экс-шабуылшысы – Молдовадан жеңілуі туралы
3 қазан, 00:24

Фото: Бауыржан Тұрысбек
Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек ұлттық команданың Ұлттар лигасы аясында өз алаңында Молдовадан жеңілуінен кейін эмоциялық пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында қысқаша хабарлама қалдырып, өткен ойында Джон ван ’т Схип шәкірттеріне жанкештіліктің жетіспегенін ашық меңзеді.
«Бізде біреу бар ма жұлып алатын аяғымен бірге?», – деп жазды Тұрысбек.
Еске сала кетейік, 2 қазанда Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының үшінші туры аясындағы матчта өз алаңында Молдова командасына 1:2 есебімен есе жіберді. Алаң иелері сапындағы жалғыз голды 64-минутта қорғаушы Нұралы Әліп соқты. Осы жеңілістің кесірінен ұлттық құрама еншісіндегі бір ұпаймен қалып, өзінің турнирлік жағдайын айтарлықтай қиындатып алды. Қазақстандықтар келесі матчын 6 қазан күні Астанада Фарер аралдары құрамасына қарсы өткізеді.
«Бапкерлік қателігім»: Ван ’т Схип – Молдовадан ұтылуы мен мүмкін отставкасы туралы
Әлім Динасылов