Матч орталығы

Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
Оңтүстік КореяОңтүстік Корея
0:0Аяқталды
ВенесуэлаВенесуэла
Теннис
WTAПекин женщины
Рената ЗаразуаРената Заразуа
0:2Аяқталды
Арина СоболенкоАрина Соболенко
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ҚазақстанҚазақстан
1:2Аяқталды
МолдоваМолдова
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
КипрКипр
2:0Аяқталды
АрменияАрмения
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ЛатвияЛатвия
1:2Аяқталды
ЧерногорияЧерногория
Хоккей
РесейКХЛ
Ак БарсАк Барс
2:3Аяқталды
ТракторТрактор
Хоккей
РесейКХЛ
НефтехимикНефтехимик
4:5Қос. уақытта
БарысБарыс
Баскетбол
ЕуропаЕуролига
БешикташБешикташ
82:95Аяқталды
БарселонаБарселона
Баскетбол
ЕуропаЕуролига
БаварияБавария
47:4610:00
ПартизанПартизан
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, клубтар
СевильяСевилья
0:045+1
Астон ВиллаАстон Вилла
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ПольшаПольша
1:034
РумынияРумыния
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ВенгрияВенгрия
0:034
ГрузияГрузия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
УкраинаУкраина
0:234
Солтүстік ИрландияСолтүстік Ирландия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
БельгияБельгия
1:033
ТүркияТүркия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
Фарерские аралдарыФарерские аралдары
0:034
СловакияСловакия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ФранцияФранция
0:032
ИталияИталия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
Босния және ГерцеговинаБосния және Герцеговина
0:034
ШвецияШвеция
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
КолумбияКолумбия
05:00Бүгін
ПарагвайПарагвай
Теннис
WTAПекин женщины
Кори ГауффКори Гауфф
08:00Бүгін
Камила ОсориоКамила Осорио
Теннис
WTAПекин женщины
Елена РыбакинаЕлена Рыбакина
17:30Бүгін
Алина ЧараеваАлина Чараева

Трагедия: Қазақстан екі жыл бойы жеңіске жетпеген Молдоваға есе жіберді

2 қазан, 21:45

Трагедия: Қазақстан екі жыл бойы жеңіске жетпеген Молдоваға есе жіберді

Фото: Футболдан Қазақстан құрамасы

2 қазан күні «Астана Аренада» Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының үшінші турында Молдованы қабылдап, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. 2024 жылдың қарашасынан бері қатарынан 17 матчта жеңіске жете алмаған Молдова дәл Астанада жеңіссіз сериясына нүкте қойды.

Ойын қарсаңында айтқан Джон ван ’т Схиптің сөзі дәл келді.

Матч алдында не айтылды?

Ойын алдындағы баспасөз мәслихатында нидерландтық маман жағдайды жасырмай айтты.

«Ертең жеңіске жетпесек, бұл трагедия ретінде қабылданатынын жақсы түсінемін. Бірақ мен футбол саласында жүргеніме 50 жылдан асты, оның 30 жылдан астамын жаттықтырушы ретінде өткіздім. Әр ойын – бірегей», – деді ол.

Ван ’т Схип тактикалық жоспарды да ашық жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан Молдоваға қарсы ойында Словакиямен болған матчқа қарағанда шабуылға көбірек көңіл бөлуі керек болған.

«Біз көбірек шабуылдап, өзіміздің неге қабілетті екенімізді көрсетуіміз керек», – деді бас бапкер.

Сонымен қатар маман қарсыластың қорғанысын бұзу оңай болмайтынын ескертті. Оның айтуынша, Молдова да дамып келеді. Фарер аралдарына қарсы кездесуде молдовалықтардың соңғы үш минутта жеңісті жұлып әкететін мүмкіндігі болған.

Баспасөз мәслихатында Бауыржан Исламханның жағдайы да сөз болды. Ван ’т Схиптің айтуынша, капитан Фарер аралдарына қарсы ойыннан кейін денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болған. Сол себепті Словакиямен болатын матчқа дейін толық қалпына келе алмаған. Алайда соңғы күндері өзін жақсы сезініп, қалыпты жаттығу өткізсе, ойынға қатысатыны айтылды.

Ал қарсы тараптан Игорь Бугаев жанкүйерлер мен сарапшыларға ескерту жасады:

«Диванда отырып сынайтындар Қазақстан Молдованы оңай жеңеді деп ойлайды».

Күштердің арақатынасы

Қағаз жүзінде бәрі Қазақстанның пайдасына шешілетіндей көрінді. Молдова үшінші турға 2024 жылдың қарашасынан бері жалғасып келе жатқан 17 матчтық жеңіссіз сериямен келді.

Лилиан Попескудің командасы бірінші турда Словакиядан 0:2 есебімен жеңілген. Сонымен қатар негізгі шабуылшы Ион Николаеску қатардан шығып қалды. Ұлттық құрама сапында 18 гол соққан футболшының жоқтығынан Молдова алғашқы екі турда бір-ақ рет гол соқты.

Молдова делегациясы Астанаға матч қарсаңында ұшып келді. Попескудің қарамағында 24 футболшы болды. Алғашқы екі турды жарақатына байланысты өткізіп алған қорғаушы Иоан-Кэлин Ревенко қатарға қайта қосылды. Матчқа румыниялық төрешілер бригадасы тағайындалды.

Бірінші тайм: мүмкіндіктер болды, гол жоқ

Матчтың басталуына 15 минут қалғанда стадион трибуналарында бос орындар көп еді. Көрермендер алаңға ойын басталар сәтке жақын жиналды.

Қазақстан қақпасында Александр Заруцкий тұрды. Бұл – алғашқы екі матчта ойнаған Стас Покатиловты ескерсек, назар аударарлық шешім. Айта кетейік, ван ’т Схип баспасөз мәслихатында Покатиловтың ойынына жоғары баға берген еді.

Алғашқы 15 минут аса қауіпті сәттерсіз өтті. Жалғыз есте қаларлық эпизодта жартылай қорғаушы Сергей Перчун алыстан соққы жасап, Заруцкий допты қайтарды.

28-минутта бұрыштамадан кейін Ғалымжан Кенжебек допты қақпаның оң жақ төменгі бұрышына бағыттады. Алайда Дмитрий Челядник орнынан табылды.

35-минутта молдовалықтар тағы да алыстан соққы жасап көрді. Бұл жолы Петр Попеску Заруцкийді сынаған еді, қазақстандық қақпашы тағы да сейв жасады.

Осыдан кейін Қазақстан жылдам қарсы шабуыл ұйымдастырды. Кенжебек сол қапталдан әдемі паспен Нұралы Әліпті қақпашымен бетпе-бет шығарды. Алайда төреші фол болғанын көрсетті.

Бірінші тайм соңына қарай стадион шамамен 85 пайызға толды.

41-минутта Рамазан Оразов айып алаңының сыртынан сол аяғымен соққы жасады. Челядник допты қағып алғанымен, абайсызда өз қақпасына кіріп кете жаздады.

Бірінші тайм соңындағы гол

Ал бірінші тайм аяқталуға жақындағанда ешкім күтпеген жағдай орын алды.

Клещенко айып алаңының шетінен доп алып, орталыққа қарай ығысты. Әліп қарсы қозғалысқа алданып, кейін шегіне бастады. Соның салдарынан қарсыласын жаба алмады.

Клещенконың соққысы қорғаушының аяғының астынан өтіп, Заруцкий допты көрмей қалған сияқты. Доп жақын бұрышқа топ ете қалды.

Екінші тайм: екінші гол және есепті қысқарту әрекеті

Ван ’т Схип бірден өзгеріс жасады. Оразовтың орнына Тапалов, ал Эльхан Астановтың орнына Тұяқбаев шықты.

Алайда екінші тайм басталғаннан кейін көп ұзамай Молдова тағы да гол соқты. Попеску бұрыштамадан берілген допты баспен қақпаға бағыттап, есепті 2:0-ге жеткізді.

59-минутта Попеску қорғаушыны алдап өтіп, жойқын соққы жасады. Заруцкий сейвпен көзге түсті.

Осы сәттен кейін екі команда да ойыншылар алмастыра бастады. Қазақстан құрамасында Рамазан Кәрімовтың орнына Артур Шушеначев шықты. Ал Молдовада алғашқы голдың авторы Клещенконың орнына Виктор Стынэ алаңға шықты.

64-минутта Қазақстан есепті қысқартты.

Бауыржан Исламхан – алаңға шығуы соңғы сәтке дейін белгісіз болған футболшы – айып добын орындады. Оның добын Нұралы Әліп қақпаға бағыттап, есепті 1:2 етті.

66-минутта Мрынскийдің орнына Наурызбек Жағоров шықты.

73-минутта ван ’т Схип Темірлан Ерлановтың орнына Сергей Малыйды алаңға шығарды. Нидерландтық маман қорғаушыны шабуылға жиірек қосып, қапталдан берілетін пастарды қақпаға бағыттауды көздеді.

Алайда матч соңындағы Қазақстанның жаппай шабуылы нәтиже бермеді.

Ойынды стадионда 20 119 көрермен тамашалады.

Енді не болады?

Топтағы аутсайдер саналған командадан жеңілу – Қазақстан үшін күтпеген нәтиже болды. Молдова екі жылға созылған жеңіссіз сериясына дәл Астанада нүкте қойды және осы циклдегі алғашқы үш ұпайына қол жеткізді.

Қазақстан құрамасының үш турдан кейін бір ғана ұпайы бар. Ол – Фарер аралдарымен болған тең ойыннан алынған ұпай.

Алда жауапты матчтар бар. Соның ішінде 16 қарашада Қазақстан өз алаңында Словакияны қабылдайды.

Ван ’т Схип «трагедия» сөзін өзі айтты. Ал арада бір тәулік өтпей жатып, бұл сөз оның командасының нәтижесін сипаттайтын сөзге айналды.

Басты жаңалықтар

Ұлттық құрама  2 қазан, 21:57

«Бапкерлік қателігім»: Ван ’т Схип – Молдовадан ұтылуы мен мүмкін отставкасы туралы

1
Ұлттық құрама  2 қазан, 21:45

Трагедия: Қазақстан екі жыл бойы жеңіске жетпеген Молдоваға есе жіберді

2
Ұлттық құрама  2 қазан, 21:28

«Мінез көрсете білдік»: Молдова бапкері – Қазақстанды жеңгені туралы

3
Басқа  2 қазан, 16:00

Дидар Сыдықбек Қазақстан мен Ресей құрамалары арасында матч ұйымдастырмақ

4
Ұлттық құрама  2 қазан, 14:56

Молдова футбол федерациясының құрметті президенті: ең бастысы – Қазақстанмен тең түспеу

5
ҚПЛ  2 қазан, 13:40

ҚФФ ҚПЛ клубтарына журналистерді аккредитациялаудан бас тартуға тыйым салмақ

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22