Матч орталығы
Покатилов өтінімнен тыс қалды: Қазақстан құрамасының Молдоваға қарсы матчқа құрамы белгілі
2 қазан, 11:45

Фото: Стас Покатилов
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасының үшінші туры аясындағы Молдова командасына қарсы үйдегі матчына ресми өтінімі белгілі болды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Турнирдің алғашқы екі турында ұлттық команданың қақпасын қорғаған қақпашы Стас Покатилов қорытынды тізімнен тыс қалды. Сондай-ақ, бапкерлер штабының шешімі бойынша алдағы кездесудің өтініміне Арсен Әшірбек, Александр Широбоков және Исмаил Бекболат іліккен жоқ.
Бұған дейін хабарланғандай, Ислам Чесноков пен Максим Самородов жарақаттарына байланысты Ұлттар лигасының қазіргі матчтарын өткізіп жібереді. Сонымен қатар, құрамаға жартылай қорғаушы Исламбек Қуат көмектесе алмайды – ол Словакияға қарсы өткен сырт алаңдағы ойында (1:2) екінші сары қағаз алуына байланысты шеттетілу мерзімін өтеп жатыр.
Еске сала кетейік, УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің үшінші туры аясындағы (С дивизионы, 3-топ) Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы матч бүгін, 2 қазанда Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де басталады.
Өзара ойын алдында екі команда да бір-бір ұпайдан жинап, өз төрттігінің турнирлік кестесін қорытындылап тұр. Топты алты ұпаймен Словакия құрамасы бастап тұр, ал екінші орында Фарер аралдары (2 ұпай) орналасқан.
ҚПЛ экс-легионері Қазақстанның Словакияны қуып жету мүмкіндігін бағалады
Әлім Динасылов