Матч орталығы
Қазақстан құрамасы Словакияға қарсы матч алдында бапкерлік құрамын күшейтті
29 қыркүйек, 16:38

29 қыркүйек күні Кошицеде Словакия құрамасы Ұлттар лигасы аясында Қазақстанды қабылдайды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Алдағы кездесуде Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы толық құрамда жұмыс істейді. Команда қосынына бас бапкер Джон ван ’т Схиптің көмекшісі Нұрбол Жұмасқалиев келіп қосылды. Ол отбасылық жағдайына байланысты Фарер аралдарына қарсы өткен алғашқы матчты (1:1) өткізіп алған еді.
Сондай-ақ ұлттық құрама сапына қақпашылар жаттықтырушысы Юрий Новиков қосылды. Ол Ресей азаматтарының аталған аумаққа кіру ережелерінің қатаңдатылуына байланысты алғашқы сырт алаңдағы ойынға бара алмады. Новиковке ол аумаққа кіру үшін жеке виза рәсімдеу қажет болған.
Қазақстан мен Словакия арасындағы матч Астана уақытымен 23:45-те басталады. Ұлттар лигасының алғашқы турында Словакия Молдованы 2:0 есебімен жеңді.
Әлім Динасылов