Матч орталығы
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының матчына Словакияға келді: толығырақ
27 қыркүйек, 07:33

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының кезекті матчына қатысу үшін Кошицеге (Словакия) ұшып келді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Футболшылар мен бапкерлер штабы мінген чартерлік ұшақ С дивизионының бірінші туры аясындағы Фарер аралдарына қарсы ойыннан (1:1) кейін бірден Вагар – Кошице бағыты бойынша ұшып шықты. Қашықтығы 2310 шақырымды құрайтын бағыт бойынша ұшу 2 сағат 50 минутқа созылды. Қазақстандық делегация Словакияға жергілікті уақытпен сағат 02:20-да аман-есен жетті.
Еске сала кетейік, Словакия құрамасына қарсы екінші тур матчы 29 қыркүйекте Кошицедегі футбол аренасында өтеді. Ойын Астана уақытымен 23:45-те басталады.
«Ауа райы да, алаң да қиын болды»: Қазақстан құрамасының дебютанты Фарердегі тең ойын туралы
Әлім Динасылов