Матч орталығы
Жасұлан Әмір: ұлттық құрамаға шақырту алу – менің арманым еді
5 маусым, 19:44

Фото: Жасұлан Әмір
«Ордабасының» шабуылшысы Жасұлан Әмір ұлттық құрамаға алғаш рет шақырту алғаннан кейінгі әсерімен бөлісіп, алдағы матчтарға қойған мақсатын айтты, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Ұлттық құрамаға шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің бала күнгі арманым болатын. Алдағы матчтарда негізгі құрам сапында дебют жасап, өзімді жақсы қырымнан көрсетемін деп үміттенемін. Маған сенім білдіріп, мүмкіндік берген барша бапкерлер штабына алғыс айтамын.
Позиция мәселесіне келсек, өзіме әрине шабуыл шебінде ойнаған әлдеқайда ыңғайлы, алаңда өз ойыныммен және нәтижелі іс-қимылдармен көзге түскен ұнайды. Бірақ ең бастысы – бапкер мені қай позицияға қойса да, барымды салып, команданың жеңіске жетуіне көмектесу», – деді жас шабуылшы.
Жасұлан Әмір ағымдағы маусымда шымкенттік «Ордабасы» сапында тамаша өнер көрсетіп жүр. Ол ел чемпионаты мен кубок бәсекелерінде 15 матчқа қатысып, жеті гол соқты және төрт нәтижелі пас берді. Осындай нәтижелі ойынынан кейін бас бапкер Талғат Байсуфинов жас талантты Армения және Мажарстанға қарсы өтетін жолдастық кездесулерге алғаш рет шақырды.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов