Матч орталығы
Армян тілшісі Қазақстанмен өтетін матч туралы: айқын фаворит жоқ, мүмкіндіктер тең
1 маусым, 19:34

Фото: Армения–Қазақстан
Арменияның Fast Media басылымының тілшісі Ваге Геворгян ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Армения және Қазақстан құрамалары арасындағы алдағы жолдастық кездесуден не күтетінін айтты.
«Шынымды айтсам, айқын фаворит жоқ, қазір командалардың деңгейі тең. Қазақстан соңғы уақытта сәл жинақы көрінеді. Бірақ Армения өз алаңында, Ереванда ойнайды, ал өз жанкүйерлерінің алдында біздің жігіттер әрдайым мүмкіндігінен жоғары деңгейде өнер көрсете алады. Ойын бойынша мүмкіндіктер 50 де 50 деп ойлаймын, бірақ өз алаңымызда ойнайтындықтан, бізде эмоционалдық басымдық бар.
Команданың бабына келетін болсам, қазір тұрақсызбыз: бірде өте мықты матч өткізсек, бірде ешқандай себепсіз өз қақпамыздан гол тауып алуымыз мүмкін. Қазір құрамада қайта құру үрдісі жүріп жатыр, сондықтан мінсіз бапта болады деп күтудің қажеті жоқ.
Ойынның өзінен тартысты әрі ауыр күрес күтемін. Қорғаныста кім аз қателік жіберіп, орталық алаңда кім үстемдік орнатса, соның жеңіске деген мүмкіндігі жоғары болады», – деді Геворгян.
Еске сала кетейік, Армения және Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 6 маусым күні Еревандағы Вазген Саркисян атындағы Республикалық стадионда өтеді. Бұл екі команданың тарихындағы тоғызыншы өзара кездесу болмақ.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 11 қыркүйек, 18:10
Джейми Варди Дастан Сәтпаевтың «Бернлиіндегі» алғашқы уәдесін берді
3Еурокубоктар 11 қыркүйек, 15:22
Өзбекстандық Умарали Рахмоналиев МЮ-ден жеңілуі мен ЧЛ дебюті туралы пікір білдірді
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Әлім Динасылов