Матч орталығы
«Еуропада әлдеқайда қиын»: шетелдік бапкер Қазақстанның әлем чемпионатына шығу мүмкіндігін бағалады
18 мамыр, 08:20

Фото: Қазақстан ұлттық құрамасы
«Ақтөбенің» бас бапкері Штефан Таркович ASnews.kz сайтына берген сұхбатында іріктеу деңгейін АФК-мен салыстыра отырып, Қазақстан ұлттық құрамасының әлем чемпионатына жолдама алу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
«Өзбекстанға ма, әлде Қазақстанға ма, кімге оңайырақ екенін дөп басып айта алмаймын. Өйткені бар мәселе бәсекелестік пен кімге қарсы ойнайтыныңа байланысты. Бірақ Еуропа арқылы әлем чемпионатына шығу өте қиын. Топта кем дегенде екінші орын алу керек, содан кейін тағы өтпелі матчтар ойнау қажет. Жақында Словакия құрамасы плей-оффта ойнап, әрі қарай өте алмады. Сондықтан, менің ойымша, Еуропадағы бұл турнирге апаратын жол мен құрылымның өзі әлдеқайда күрделі», – деп атап өтті словакиялық маман.
Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған болатын. Көршілердің осы жетістігі аясында қазақстандық БАҚ-та Қазақстанның Азия футбол конфедерациясына қайта оралу мүмкіндігі туралы идея қызу талқылана бастады.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов