Матч орталығы
«Сіздерде үлкен артықшылық бар»: шетелдік бапкер Қазақстан мен Қырғызстандағы футболды салыстырды
21 сәуір, 16:06

Фото: Штефан Таркович
«Ақтөбе» бас бапкері Штефан Таркович ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан мен Қырғызстандағы ұқсас мәселелер туралы пікір білдіріп, екі елдегі футболды дамытудағы басты айырмашылықты атап өтті.
«Мүмкін, Қазақстан мен Қырғызстанда мәселелер бірдей шығар – инфрақұрылымдағы қиындықтар және тағы басқасы. Бірақ менің ойымша, Қазақстанның үлкен артықшылығы бар: сіздер Еуропада, УЕФА құрылымындасыздар және әлемнің ең үздік құрамаларымен бақ сынай аласыздар.
Меніңше, бұл Қырғызстанмен салыстырғанда үлкен артықшылық, өйткені мықты қарсыластармен ойнау сіздерді жоғарырақ деңгейге шығарады. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан құрамасының дамуы үшін жағдай жақсырақ деп санаймын», – деп атап өтті словакиялық маман.
Еске салайық, Штефан Таркович Қазақстанға келмес бұрын Қырғызстанның ұлттық құрамасын жаттықтырған болатын. Оның жетекшілігімен команда тарихта алғаш рет Азия Кубогына тікелей жолдама алып, әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің үшінші сатысына шықты. Қазіргі таңда словакиялық маман – «Ақтөбенің» бас бапкері.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 11 қыркүйек, 18:10
Джейми Варди Дастан Сәтпаевтың «Бернлиіндегі» алғашқы уәдесін берді
3Еурокубоктар 11 қыркүйек, 15:22
Өзбекстандық Умарали Рахмоналиев МЮ-ден жеңілуі мен ЧЛ дебюті туралы пікір білдірді
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Әлім Динасылов