Матч орталығы
Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы: Комор Аралдарына қарсы оңай болмайды
31 наурыз, 12:23

Фото: Ян Вороговский (Қазақстан ұлттық құрамасы)
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Самат Отарбаев ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында FIFA Series турнирі аясында өтетін Комор Аралдарына қарсы матчтан не күтетінін айтты.
«Комор Аралдарына қарсы ойын жеңіл болады деп ойламаймын. Африкалық командалармен алғаш рет ойнап жатырмыз. Жақсы матч болады, мұндай ойындар бізге керек. Кез келген кездесуде, жай ғана жолдастық ойын демей, бар күшті салу қажет. Әсіресе, кубокты ұту мүмкіндігі туып тұрғанда, жетістікке жетуге талпынған жөн. Қазіргі уақытта оңай ойындар жоқ. Осындай жаңа жарыстың болғаны да дұрыс – бұл біз үшін үлкен мүмкіндік. Африкалық футбол мәнері де басқаша, атлетикаға негізделген. Мұндай қарсыластармен ойнап, оларға қалай төтеп беретінімізді көру біздің өсуімізге көп пайдасын тигізеді».
Сонымен қатар, Отарбаев бұл жарыстың жас ойыншылар мен ұлттық құрама тізіміне жаңа қосылған футболшыларды сынап көруге таптырмас мүмкіндік екенін атап өтті:
«Бірінші ойыннан кейін жігіттер жеңістің дәмін сезінді. Жыл жақсы басталды, голдар да әдемі болды. Бапкерлік штаб та аз ойнап жүрген жігіттерге мүмкіндік беріп, олардың деңгейін бағамдай алады. Дебюттер жасалып, жастар алаңға шығып жатыр. Ресми ойындарда бапкерлер тәуекел етіп, оларға мүмкіндік бермеуі мүмкін. Ал мұндай ойындарда жастар мен дебютанттарды сынап көрмегенде, басқа қашан көреді? Футболшылар осылайша өздерінің жақсы қырларын көрсете алады», – деді Отарбаев.
Қазақстан құрамасы FIFA Series турниріндегі алғашқы матчында Намибияны 2:0 есебімен сенімді түрде ұтқан болатын.
Комор Аралдарына қарсы ойын 31 наурызда Астанада өтеді.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 11 қыркүйек, 18:10
Джейми Варди Дастан Сәтпаевтың «Бернлиіндегі» алғашқы уәдесін берді
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Әлім Динасылов