Матч орталығы
Әліп – «Каспийдегі» мансабының басталуы жайлы: әкем күреске апарған
13 ақпан, 08:12

Фото: Нұралы Әліп
Санкт-петербургтік «Зениттің» қорғаушысы және Қазақстан құрамасының капитаны Нұралы Әліп ASnews.kz сайтына берген сұхбатында спорттағы алғашқы қадамдарын еске алды.
«2008 жылы әкем мені алғаш рет күреске апарды. Ол менің үнемі спортпен шұғылданғанымды қалайтын. Жарты жылдай күреспен айналыстым. Футбол ойнағым келетін, бірақ менің жасымдағы балаларға арналған қабылдау болмады.
Біраз уақыттан соң 1998–1999 жылы туған балаларға арналған топ ашылды. Сол кездегі сыныптасым Абай сол үйірмеге қатысып жүрген еді, маған да бірге баруды ұсынды. Сабақ түскі уақытта бітетін, ал сағат 15:30-да автобус күтіп, жаттығуға жол тартатынбыз. Алғашқы жаттығу маған қатты ұнады.
Бір аптадан кейін жолдастық кездесу өтті, сол кезде мен алғашқы ойын жейдемді алдым. Арқамда 13-ші нөмір болды. Аулада ойнағанда үстімнен тастамайтынмын. Бұрын бәріміз Роналдудың формасын киетінбіз, бірақ содан бері мен туған клубым «Каспийдің» жейдесін киіп жүрдім», – деді Әліп.
Еске салайық, Әліп 2025 жылдан бері Қазақстан құрамасының капитандық міндетті атқарып жүр.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов