Матч орталығы
Нұралы Әліп – «Зениттегі» тілдік кедергі жайлы: орысша сөйлегеніме күлетін
10 ақпан, 19:01

Фото: Нұралы Әліп
Қазақстан құрамасының капитаны және петерборлық «Зениттің» футболшысы Нұралы Әліп ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Ресейге ауысқаннан кейінгі тілдік кедергілерді қалай жеңгенін айтып берді.
«Бастапқыда маған оңай сөздерді айту жеңіл болды, бірақ қиын сөздер келгенде қателесіп қалатынмын. Басында жігіттер күлмейтін, себебі менің Қазақстаннан екенімді түсінетін.
Кейін мен оларға біздің елде орыс тілін білетінін және мектепте орыс тілі пәні болғанын түсіндірдім. Содан кейін әр қателігім сайын олар күле бастады. Мен орыс тілін жақсартумен жұмыс істедім, қазір еркін сөйлесе аламын», – деді Әліп.
Сондай-ақ қорғаушы «Қайраттағы» әріптестерінің де оның акценті мен қателіктеріне әзілдейтінін еске алды.
«Оларға жауап қайтаруға ниетім болмады. Жігіттер менің орысшама «Қайратта» жүргенде де күлетін. Сергей Кейлер, Бато (Бауыржан Исламхан) қалжыңдайтын.
Қазір өзімді сенімді сезінемін. Иә, қателессем де, оны білдірмеймін. Соңына дейін өз дегенімнен қайтпаймын. Жігіттер де мұны қалыпты қабылдайды», – деп қорытындылады футболшы.
Еске салайық, алматылық «Қайрат» түлегі «Зенит» сапына 2022 жылдың басында қосылған болатын. Осы уақыт ішінде Әліп Ресейдің үш дүркін чемпионы атанып, ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 12 қыркүйек, 13:45
«Жеңетінімізге күмәндандым»: «Ордабасының» иесі – «Оқжетпеске» қарсы ойын туралы
1Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Әлім Динасылов