Матч орталығы

Теннис
ATPШанхай мужчины
Александр ШевченкоАлександр Шевченко
0:2Аяқталды
Есихито НисиокаЕсихито Нисиока
Теннис
ATPПекин мужчины
Новак ДжоковичНовак Джокович
16:20Бүгін
Даниил МедведевДаниил Медведев
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
УгандаУганда
1:1Аяқталды
Конго ДРКонго ДР
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
КипрКипр
1:187
ЛатвияЛатвия
Хоккей
РесейКХЛ
Ак БарсАк Барс
0:120:00
ЛокомотивЛокомотив
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
УкраинаУкраина
23:45Бүгін
ВенгрияВенгрия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ФранцияФранция
23:45Бүгін
БельгияБельгия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
Солтүстік ИрландияСолтүстік Ирландия
23:45Бүгін
ГрузияГрузия
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
Босния және ГерцеговинаБосния және Герцеговина
23:45Бүгін
ПольшаПольша
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
РумынияРумыния
23:45Бүгін
ШвецияШвеция
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ЧерногорияЧерногория
23:45Бүгін
АрменияАрмения
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ИталияИталия
23:45Бүгін
ТүркияТүркия
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
ЛихтенштейнЛихтенштейн
23:45Бүгін
ГибралтарГибралтар
Теннис
WTAСучжоу женщины
Юлия ПутинцеваЮлия Путинцева
07:00Ертең
Юшань ШаоЮшань Шао
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
Оңтүстік КореяОңтүстік Корея
16:00Ертең
ӨзбекстанӨзбекстан
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
ҮндістанҮндістан
19:00Ертең
УругвайУругвай
Футбол
ЕуропаУЕФА Ұлттар лигасы
ҚазақстанҚазақстан
19:00Ертең
Фарерские аралдарыФарерские аралдары
Футбол
ЕуропаЕуропа чемпионаты U21, іріктеу
Молдова U21Молдова U21
19:00Ертең
Қазақстан U21Қазақстан U21
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
РесейРесей
21:00Ертең
НигерияНигерия
Хоккей
РесейКХЛ
СКАСКА
21:30Ертең
СеверстальСеверсталь

«Азаматтық алуға дайынмын»: Қытайда туылған қазақ футболшысы – Еуропадағы ойыны және Зуевпен достығы жайында

5 ақпан, 19:05

«Азаматтық алуға дайынмын»: Қытайда туылған қазақ футболшысы – Еуропадағы ойыны және Зуевпен достығы жайында

Фото: Талпын Есдәулет

Қытайдағы Іле-қазақ автономиясының Күнес ауданынан шыққан Талпын Есдәулет – қарапайым ауылдан бастап, Еуропа мен Қытай Суперлигасының клубтарында бақ сынап жүрген қазақ жігіті. 18 жасында «Гаокао» емтиханынан бас тартып, арман қуып Сербияға аттанған ол бүгінде Словакияның жасыл алаңдарында тер төгуде.

ASnews.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында 21 жастағы  вингер:

  • «Гуанчжоу Эвергранд» академиясынан неге бас тартқанын;
  • Сербиялық ИМТ сапында жүріп Александр Зуевпен қалай танысқанын;
  • Қытай Суперлигасындағы тәжірибесі мен «Арыс» клубымен келіссөздің неге үзілгенін;
  • Және ең бастысы – тарихи отанына оралып, Қазақстан азаматтығын алуға дайын екенін ашық айтты.

«Гуанчжоу Эверграндтың» қаралымынан өттім»

– Талпын, өзіңіз туылған жер туралы айтып өтсеңіз.

– Қытайдағы Іле-Қазақ автономиялық облысының Күнес ауданындағы Аралтөбе деген ауылда дүниеге келдім. Сол жерде Хаби деген бапкер ағамыздың қол астында 7 жастан бастап тәлім алып, жақсы-жақсы ауданаралық жарыстарға қатысып жүрдік.

– Өзіңіздің негізгі позицияңыз қандай?

– Екі қапталда да вингер ретінде ойнай беремін. Және де, бес қорғаушысы бар схемаларда, қапталдағы қорғаушы қызметін де атқара аламын. 12 жасымда «Гуанчжоу Эвергранд» командасының академиясына қаралымнан өту үшін бардым. Құлжадағы сынақтан сәтті өттім, алайда Гуанчжоу қаласына көшуге дайын болмадық. Ол сынаққа қатысқандардың арасынан топ жардым, барлық көрсеткіштерден мықты болдым, әрі маңайымыздағы бапкерлер біраз мақтаған. «Гуанчжоу Эвергранд» өз академиясына шақырды, алайда ондай кіші жаста жалғыз өзіме көшу қиынға соғар еді. Оған бірден-бір себеп: қаржылық мәселе болды. Сөйтіп, Аралтөбедегі жаттығуларымды жалғастыра бердім.

Факт: 2010-жылдары Қытай футболының гегемоны болған «Гуанчжоу» (бұрынғы «Гуанчжоу Эвергранд») қаржылық дағдарыс пен қарыздың кесірінен жабылуға мәжбүр болды. Кезінде Марчелло Липпи мен Луис Фелипе Сколари жаттықтырған, құрамында Паулиньо, Джексон Мартинес сияқты әлемдік жұлдыздар доп тепкен клуб екі рет Азия Чемпиондар Лигасын жеңіп алған еді. Алайда иесі Evergrande құрылыс компаниясының банкротқа ұшырауы аты аңызға айналған команданың тарих қойнауына кетуіне әкеп соқты.

– Кейін 18-ге толып, сербиялық командаға көштіңіз…

– Иә, жоғарғы оқу орнына түспей, футболдағы арманымды ойлап, Белградқа бардым. «Гаокао» деген ұлттық емтиханға бір күн қалғанда оқуымды тастап, әке-шешеме де айттым. Мұғалімдерім негізі бұған қарсы болған, өйткені мені Бейжің спорттық университеті шақырған еді, сол жаққа түсу мүмкіндігім жоғары болды.
Амал жоқ, үйдегілеріммен ақылдасып, олар мені қолдайтынын айтты. Тәуекел қылып, Сербияға кеттім. Сол жердегі жастар командаларының қаралымдарына қатыса бастадым. Бірнеше командалардың сынақтарынан кейін, Құдайға шүкір, Сербияның бірінші лигасында өнер көрсететін «Рад» командасымен келісімшартқа отырдым. Олардың бірінші командасында болдым. 18 жаста болғаныма қарамастан, бірінші командамен жаттығу жасап жүрдім. Екі ойынға да қатысып үлгердім.

Факт: «Гаокао» – әлемдегі ең қиын әрі бәсекелестігі жоғары сынақтардың бірі. Жыл сайын оны 12-13 миллион оқушы тапсырады. Қытайлық жастар үшін Гаокао өө жай ғана тест емес, болашақ мансабы мен тағдырын шешетін шешуші кезең.

«Зуевпен ағылшынша сөйлестім»

– Кейін белградтық ИМТ-ға ауыстыңыз…

– Иә, ол жердегі қаралымнан да сәтті өттім, бірақ трансфер терезесінің соңғы күнінде клуб мені тіркеп үлгермеді. Өкінішке орай, ресми ойындарға қатысуға мүмкіндік болмады. Алайда олар клубта қалуды ұсынды. U-19 командасымен жаттықтым, тіпті алты жолдастық кездесуге қатысып, төрт гол салдым және екі ассист жасадым. 

– ИМТ-да жүргенде Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Зуевпен кездестіңіз бе? 

– Әлбетте. Бір ойын кезінде Зуев алаңның шетіне келіп, бақылап тұрған. Біраз сөйлестік, бірақ суретке түсуді ұмытып кетіппін. Қазір инстаграм арқылы байланыстамыз. Ол кісі қазақша сөйлемейді, ал мен орысша білмеймін. Не керек, екеуміз ағылшынша сөйлестік. Жағдайымды сұрап, мені інісіндей көрді. Зуев ИМТ-ға көшкенде, мен командадан кетуге дайындалып жатқан едім, өйткені ресми ойындарға қатыса алмай жүрдім. Осыған байланысты көп сөйлесіп те үлгермедік. 
Жасым 19-ға жақындады, сол себепті ИМТ-ның U-19 командасында ойнау мүмкіндігім де жойыла бастады. Ойнағанның өзінде де, маған көп минут бөлінбеді.

– Одан кейін Қытайға не себепті оралдыңыз?

– Қытай Суперлигасында ойнайтын «Нантоң Жиюн» деген командадан ұсыныс түсті. Негізі ол команданың U-21 жастары арасында өнер көрсеттім, бірақ арасында мені негізгі құрамға да шақырып тұрды. Бас бапкеріміз испаниялық маман Пабло Риос еді. Маусымның ортасында қосылдым, алайда 15 ойынға қатысып үлгердім.

– Не себепті ұзақ қалмай, «Ганжоу Руишиге» көштіңіз?

– «Нантоң Жиюнның» басшылығында қаржы жағынан біраз мәселелер болды, сол себепті басқа команда іздедім. U-21 командасын толықтай тарқатып жібергесін, жаңа құрылған «Ганжоуға» бардым. Командаластарым ондай мықты болмады, бірақ жағдайы жағынан да бұл команда ұнады, әрі басқа баратын жерлерім де көп болмады. 2025 жылдың наурыз айынан бастап қыркүйекке дейін «Ганжоуда» болдым. 

– Тағы да Еуропада бақ сынауды қаладыңыз ба?

– Иә, визамды жасатып, Словакияға келдім. Бұл жердегі бір-екі командаға бардым, бірақ олардың ұсынған жағдайлары нашарлау болды. Сөйтіп, Жилина қаласындағы «Йеднота Банова» командасына бардым. Бұл клуб Словакияның үшінші лигасында өнер көрсетеді. Қаралым кезінде бапкер менің вингер екенімдім білгенімен, сол жақ қапталдағы қорғаушы позициясына қойды. Ойыннан кейін мені мақтап, командаластарым да шапшаңдығымды атап өтті. Ақша жағынан да, тұратын жер жағынан да келісіп алдық, бірақ бар мәселе визаға келіп тірелді. 

– Қандай қиыншылыққа тап болдыңыз? 

– Келісімшартқа қол қою үшін жұмыс визасын жасау керек. Барлық көрсеткіштер жағынан бас бапкерге ұнадым, бірақ клуб визаны қаржыландыруға көмектесе алмайды. «Йеднота Банова» басшылығы бұл мәселені шешудің басқа да амалын ұсынды. Маған университетке оқуға түсіп, оқу визасын жасау арқылы келісімшартқа қол қоюға болатындығын жеткізді. Алайда, университетке түсудің өзі бір әңгіме, одан кейін түскен күннің өзінде де сабақ оқу керек, әрі біраз шығындар шығып қалады. 

«Қазақстан азаматтығын алуға дайынмын»

– Қазіргі таңда басқа ұсыныстар бар ма? Қытайға қайту жоспарда бар ма?

– Еуропаға келген себебім – тәжірибе жинап, өзімді жетілдіру. Сол себепті, басқа елдерде ойнауды мақсат етіп отырмын. Қазір Еуропадағы визам – туристік виза. Жақын уақытта ол бітеді, сол себепті Еуропа Одағынан шығу керек.

– Қазақстандық клубпен келісімшартқа отыруды қарастырасыз ба?

– Әрине, неге қарастырмасқа? Сербиялық ИМТ-дан кеткен жылы мен Қазақстанның бірінші лигасындағы «Арыс» клубымен сөйлескенмін. Қызығушылық болды, бірақ бірінші лигада тек қана қазақстандық азаматтар өнер көрсете алады деген заң болған соң, әңгімеміз тығырыққа тірелді. Сол себепті ИМТ-дан кетіп, «Нантоңға» көштім.

– Жағдай жағына келсек, сұраныстарыңыз үлкен бе?

– Жоқ, мен өзім жас болғандықтан, ақшаға құмар емеспін. Керісінше, көбірек ойын тәжірибесін жинап, өзім кәсіби футболшы ретінде жетілдірілсем бе деген ойым бар. 

– Егер де Қазақстанға көшетін болсаңыз, Қазақстан азаматтығын алуды қарастырасыз ба?

– Қандас статусы арқылы, Қазақстанға келгім келеді. Егер де команда табылса, қуана барар едім әрі Қазақстан азаматтығын алуға дайынмын. 

– Қазіргі уақытта Қазақстан футболына қызығып, қарап жүрсіз бе? 

– Иә, Қазақстан ұлттық құрамасының ойындарын да, «Қайраттың» ойындарын да бақылаймын біраз. Қазақстаннан мықты футболшылар шығып жатқаны көңіл қуантады. 

– Словакиядағы Шахмұрза Адырбековпен араласасыз ба?

– Шахмұрза деген жігіттің Словакияда бар екендігін білемін, бірақ біз араласпағанбыз. Оған инстаграмнан хабарлама жібердім, алайда оны көрмей қалған шығар. Ол мені танымайды, бірақ, Словакияда қалсам, сөйлесіп кетеміз деген ойым да бар. 

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  5 қазан, 20:27

«Тосын сый болған жоқ»: «Бернли» бапкері – маусым басындағы қиыншылықтар туралы

1
Ұлттық құрама  5 қазан, 18:36

«Қызылжардың» фарерлік ойыншысы: Астанада Қазақстанға қарсы ойнау – ерекше оқиға

2
Ұлттық құрама  5 қазан, 18:32

Фарердың бас бапкері – Қазақстанға қарсы ойын туралы: жеңіс не тең ойынға көнеміз

3
Ұлттық құрама  5 қазан, 17:00

Ван ’т Схип – Фарерге қарсы ойын туралы: жауапкершілікті өз мойныма аламын, ел үшін күресеміз

4
Ұлттық құрама  5 қазан, 16:56

Қазақстан құрамасының қорғаушысы: Молдоваға қарсы агрессивті футбол жетіспеді

5
Ұлттық құрама  5 қазан, 15:47

ҚФФ экс-басшысы Молдовадан жеңілу туралы: ойыншылардың жанкештілігіне сұрақ жоқ

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22