Матч орталығы
Джохар Дудаев – қазақстандық шабуылшы жайлы: оның болашағы жарқын
3 қаңтар, 17:30

Фото: Шахмурат Даулетов (сол жағында) және Джохар Дудаев (оң жағында)
Бельгиялық «Моленбек» клубының қорғаушысы Джохар Дудаев ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Генктің» қазақстандық шабуылшысы Шахмұрат Дәулетовпен қалай танысқанын айтып берді.
«Біз бірнеше күн бұрын таныстық. Шахмұрат жеке бапкермен жаттығып жүрген еді, оны алаңда көрген сәтте қазақстандық екенін бірден түсіндім. Содан сөйлесіп кеттік. Қазақстан біз үшін екінші үй болғандықтан, ініме қамқорлық танытып, ақыл-кеңеспен көмектесуді өзіме міндет санадым», – деді ойыншы.
Шешен футболшысының айтуынша, 16 жастағы қазақ жігітінің болашағы алда:
«Мұсылман ретінде біз тағдырға сенеміз, бірақ мақсатқа әрекет арқылы жету де маңызды. Егер Шахмұрат осы қарқынын жоғалтпаса, Алла қаласа, оның болашағы жарқын болады», – деді Дудаев.
Желтоқсан айында Дәулетов УЕФА Жасөспірімдер лигасында алғаш рет алаңға шықты. Сондай-ақ 16 жастағы жерлесіміз ПСВ, «Фортуна» және Люксембург құрамасының қақпасына гол соққан болатын.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
1ҚПЛ 27 қазан, 15:49
Чемпиондар лигасынан жанкүйерлермен жанжалға дейін: Уразбахтин «Қайраттан» қалай кетті
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол