Матч орталығы
Өзбекстандық ойыншы – Қазақстан U-21 жайлы: бізге қиындықтар туғызды
16.10.2025 18:43

Фото: Бехруз Каримов
Өзбекстан жастар құрамасының ойыншысы Бехруз Каримов ASnews.kz порталына Қазақстан U-21 құрамасымен болған жолдастық матчтарды қорытындылады.
«Ойын жақсы өтті. Бірінші кездесуден сабақ шығарып, қателерімізді түзеп, екінші матчты жақсы өткіздік. Иә, бірінші болып гол жібердік. Бірақ әрекет етіп, өз голдарымызды соғып, жақсы нәтиже тіркедік.
Қазақстан – өте жақсы ойыншылардан жасақталған команда. Бізге белгілі бір деңгейде қиындықтар туғызды. Екінші матч ауыр болды. Жеңісті есепті ұстап қалуға тырыстық. Енді өткен ойындарға талдау жасап, алдағы уақытта бұдан да жақсы ойнаймыз.
Соңғы матчтарда өзімді жақсы жағынан көрсеткім келді. Бас бапкерге сенім артқаны үшін алғыс айтамын. Командадағы жігіттермен жақсы араласып кеттім. Алдағы уақытта да қол ұшын созуға дайынмын», – деді Каримов.
Қазақстан U-21 құрамасы Өзбекстанмен жастарымен (U-20) болған екі ойында 0:1 және 1:3 есебімен ұтылды.
Екінші жеңілістен соң Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Денис Мамонов қызметінен босатылды.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Ернар Ламқадыров