Ақпаев – ұлттық құрама бапкері туралы: өзіміздің мамандарға сеніп, соларды дайындау керек
15 қазан, 15:43

Фото: Қазақстан құрамасы
Қазақстан футбол одағының бұрынғы вице-президенті Тілекбек Ақпаев ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында елдегі жаттықтырушылар корпусының дамуы туралы айтып, ұлттық құраманы кім баптауы керектігі туралы пікірімен бөлісті.
«Әрине, отандық мамандарға сену керек. Мәселе басқада — қазіргі жаттықтырушылар буыны кеңестік футбол мектебінен тәлім алған. Біздің мамандар өз елімізде емес, Германия, Австрия, Италия сияқты Батыс Еуропа елдерінде білім алуы керек. Біздің жаттықтырушылар футболдың заманауи әдістерін меңгеруі үшін ҚФФ Еуропа федерацияларымен келісімге келу керек. Бұл тек клубтық емес, балалар футболының бапкерлеріне де қатысты», – деді Ақпаев.
Оның айтуынша, мәселе қазіргі таңда жас мамандарды дайындап жатқан адамдарға да байланысты:
«Бүгінде Геннадий Скуртул (ҚФФ техникалық директоры) сияқты мамандар білім беріп жатыр. Бірақ өз елдерінде құрметке бөленбеген адамдар бізге не үйретеді? Менің ойымша, өзіміздің бапкерлерге сену керек, бірақ оларға сенуден бұрын, бірдеңе үйретуіміз керек. Біз ойыншыларымыздың нашар ойнағаны үшін емес, оларды бала кезінен заманауи әдіс-тәсілдерді білмейтін жаттықтырушылар дайындағандықтан ұтылып жатырмыз».
Ақпаев Қазақстан құрамасын ұлтына қарамастан сауатты, білімді мамандар жаттықтыруы керектігін баса айтты:
«Ұлттық құраманы заманауи білімі бар білікті бапкерлерге сеніп тапсыру керек. Бұл жерде ұлт емес, біліктілік маңызды. Тағы бір нәрсе: біздің жаттықтырушылар шет тілдерді үйренуі керек. Ешкім заманауи футбол әдістерін қазақ немесе орыс тілінде түсіндірмейді. Олар шет тілдерін білуі тиіс».
Қазір Қазақстан құрамасын уақытша Талғат Байсуфинов жаттықтыруда. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізіп, Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді, Солтүстік Македониямен тең түсті (1:1).
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Ұлттық құрама 17 қазан, 08:35
ҚПЛ тарихындағы алғашқы поляк футболшысы – Пробеж туралы: ол мінезді бапкер
1
Еурокубоктар 16 қазан, 22:06
Қуат Хамитов – «Реалдың» Алматыға келуі жайлы: бұған тек ақымақ адамдар ғана қуанады
2Турнирлік кесте
Қазақстан. Премьер-лига
#
Команда
Ұпай
1

55
2

53
3

50
4

42
5

42
6

34
7

32
8

31
9

24
10

21
11

21
12

20
13

18
14

16
#
Команда
Ұпай
1

16
2

15
3

14
4

14
5

13
6

12
7

11
8

11
9

11
10

10
11

9
12

9
13

9
14

8
15

8
16

7
17

5
18

4
19

4
20

2
#
Команда
Ұпай
1

21
2

19
3

16
4

15
5

13
6

13
7

13
8

13
9

12
10

11
11

11
12

10
13

8
14

8
15

8
16

6
17

6
18

6
19

5
20

5
#
Команда
Ұпай
1

18
2

14
3

13
4

12
5

11
6

10
7

9
8

8
9

8
10

7
11

7
12

7
13

7
14

6
15

5
16

4
17

3
18

3
#
Команда
Ұпай
1

15
2

15
3

13
4

12
5

12
6

10
7

10
8

9
9

9
10

9
11

8
12

8
13

7
14

5
15

5
16

5
17

3
18

3
19

2
20

2
#
Команда
Ұпай
1

16
2

15
3

15
4

15
5

13
6

13
7

11
8

10
9

10
10

10
11

8
12

8
13

7
14

6
15

6
16

6
17

5
18

2