Қуат Хамитов – «Реалдың» Алматыға келуі жайлы: бұған тек ақымақ адамдар ғана қуанады

16.10.2025 22:06

Қуат Хамитов – «Реалдың» Алматыға келуі жайлы: бұған тек ақымақ адамдар ғана қуанады

Фото: Қуат Хамитов

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Алматыға «Реал Мадридтің» келуі мен отандық футболдың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ASnews.kz.

«Адамдар өте қатты қуанды, себебі жұлдызды футболшыларды өз көздерімен көрді. Өмір бойы футбол жанкүйері болып, кенеттен сіздің ауылыңызға Криштиану Роналду келсе жақсы емес пе? Егер Роналду келсе, мен де стадионға жалаңбұт барар едім. «Қайрат» сапында кімнің ойнайтыны маңызды емес. Адамдар «Реал Мадридтің» келгеніне қатты қуанды.
Негізі есеп 0:8 болуы керек еді – олар бір соққысы қақпа бағанына тиді. Содан кейін «Қайрат» ойыншылары ұлттық құрамаға аттанды, ал біздің жастар кеше Андоррадан әлде Лихтенштейннен жеңілді – тіпті ол елдің атын да білмеймін. Алты жыл бойы жеңіске жетпеген олар бізді ұтып кетті. Сол мақтаған «Қайрат» жастарын орнына қойды. Барлығы жеңіледі, бұл бастамасы ғана. «Қайраттың» Чемпиондар лигасында не істейтінін маусым соңында көреміз», – деді Хамитов.

Сондай-ақ, файтер елдегі футболды қаржыландыру мәселесін де көтерді:

«Чемпиондар лигасында ойнайтын командалар өз халқын тонап жатқан жоқ. Мен Роналдудың Португалия халқынан миллиардтаған ақша ұрлап, сосын «Спортингте» немесе «Реал Мадридте» ойнағанын ешқашан естіген емеспін. Бұлай болмайды.
Менің айтқаным қате болу үшін Қазақстандағы футбол мемлекет қаржысынан тыс дамысын. Бес жылдан кейін нәтиже көрсетсе, мен алдыңғы қатарда тұрып, оларға қолдау көрсететін боламын. Бірақ 30 жыл бойы олар тек мемлекетті тонап, футболды өлтірді. Біз УЕФА-ға кірген кезде зауыттар салып, халыққа көмектесер едік. Бірақ қазір стадионымыз жоқ, қайыршылар сияқты жүрміз. Ал «Реалдың» келгеніне тек осындай ақымақ адамдар ғана қуанады».

30 қыркүйекте УЕФА Чемпиондар лигасы аясында Алматыда «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойын өтіп, 5:0 есебімен аяқталды.

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 19:12

Эльхан Астановтың «Ордабасы» сапына қашан оралатыны белгілі болды

Бүгін, 18:11

Белгілі блогер Қазақстан құрамасының ойыншыларын есектерге теңеді

Бүгін, 16:49

Қазақстан құрамасына үміткер Нұртас Адамбаймен туыстығы туралы айтты

Бүгін, 15:43

«Астана» «Ордабасыға» қарсы матчта көшбасшыларын қосалқы құрамда қалдырды

Бүгін, 13:45

«Жеңетінімізге күмәндандым»: «Ордабасының» иесі – «Оқжетпеске» қарсы ойын туралы

Бүгін, 12:39

«Челси» емдеу жұмыстарына араласты: «Бернлиде» Дастан Сәтпаевтың қатарға қосылатын уақытын атады

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  12 қыркүйек, 19:12

Эльхан Астановтың «Ордабасы» сапына қашан оралатыны белгілі болды

1
Ұлттық құрама  12 қыркүйек, 18:11

Белгілі блогер Қазақстан құрамасының ойыншыларын есектерге теңеді

2
ҚПЛ  12 қыркүйек, 16:49

Қазақстан құрамасына үміткер Нұртас Адамбаймен туыстығы туралы айтты

3
ҚПЛ  12 қыркүйек, 15:43

«Астана» «Ордабасыға» қарсы матчта көшбасшыларын қосалқы құрамда қалдырды

4
ҚПЛ  12 қыркүйек, 13:45

«Жеңетінімізге күмәндандым»: «Ордабасының» иесі – «Оқжетпеске» қарсы ойын туралы

5
Халықаралық футбол  12 қыркүйек, 12:39

«Челси» емдеу жұмыстарына араласты: «Бернлиде» Дастан Сәтпаевтың қатарға қосылатын уақытын атады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ҚайратҚайрат
24
17
6
1
35
57
2
ОрдабасыОрдабасы
24
17
4
3
29
55
3
АстанаАстана
23
13
6
4
17
45
4
ОқжетпесОқжетпес
24
12
6
6
5
42
5
АқтөбеАқтөбе
24
11
5
8
6
38
6
ЕлімайЕлімай
23
8
8
7
-1
32
7
ТобылТобыл
24
9
4
11
-3
31
8
ҰлытауҰлытау
24
8
7
9
-5
31
9
ЖеңісЖеңіс
24
7
8
9
-6
29
10
КаспийКаспий
24
7
5
12
-9
26
11
АтырауАтырау
23
4
11
8
-6
23
12
ҚызылжарҚызылжар
24
6
5
13
-12
23
13
АлтайАлтай
24
5
7
12
-12
22
14
ЖетісуЖетісу
24
5
7
12
-16
22
15
ҚайсарҚайсар
24
3
11
10
-12
20
16
ЕртісЕртіс
23
4
8
11
-10
20