Матч орталығы
Өзбекстан футболшысы – Қазақстан U21 құрамасы туралы: Еуропада ойнайтын мықты команда
13.10.2025 12:04

Фото: Рустамбек Фомин (оң жағында)
Өзбекстан U-20 ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рустамбек Фомин жолдастық кездесуде Қазақстан U-21 құрамасын жеңгеніне (1:0) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Қазақстан – өзіндік ойын өрнегі бар команда. Қарсыластарымызға жақсылап дайындалдық: олардың ойындарын көріп, теориялық талдау жасадық. Жан-жақты дайындалдық десек те болады. Біз өз мүмкіндігімізді пайдалана білдік, сондықтан жеңіске жеттік. Құдай қаласа, келесі ойында да ұтуға тырысамыз.
Барлық жігіттер әр матчқа дайындалып, алаңға шығып, барын салады. Бізді қаңтарда Азия кубогы күтіп тұр, соған дайындалып жатырмыз. Мақсатымыз – чемпион атану. Кімнің ойнап, кімнің ойнамайтынын бапкер шешеді.
Қазақстан Еуропада ойнап жатыр, бұл олардың ұйымдасқан, мықты команда екенін көрсетеді. Біз олардың қалай ойнайтынын білдік және соған қарсы дайындалдық», – деді Фомин.
Өзбекстан мен Қазақстан жастар құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Жалғыз голды 84-минутта қазақстандық қорғаушының қателігін пайдаланған «Динамо» (Самарқанд) командасының шабуылшысы Фирдавс Абдурахмонов соқты.
Командалар екінші кездесуін 14 қазан күні Ташкентте өткізеді.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов