Матч орталығы
Македония құрамасының аңызы – Қазақстанға қарсы матч алдында: Бельгиямен тең ойнағанымызға ризамыз
12.10.2025 10:45

Фото: Игор Митрески
Мәскеулік «Спартактың» бұрынғы қорғаушысы мен Солтүстік Македония жастар құрамасының директоры Игор Митрески ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Бельгиямен болған матч (0:0) жайлы пікір білдірді.
«Біз топта көш бастап келеміз, бірақ Бельгиямен өткен соңғы ойын өте қиын болды. Шындығында, мұндай нәтижені бізден ешкім күтпеген еді. Жігіттер тамаша өнер көрсетті: қорғаушылар қателік жібермеді, ал қақпашымыз қажет кезде құтқарып қалды. Әрине, біз гол соғатын мүмкіндіктер жасай қойған жоқпыз, бірақ мұндай қарсыласпен тең ойнағанымызға қуануымыз керек», – деді сарапшы.
Митрески ұлттық құраманың күшті жақтарын да атап өтті:
«Менің кезімде де, қазір де ұлттық құрама ойыншылары барын салуда. Сондықтан олардың командаға деген адалдығы біздің команданың қозғаушы күші деп айтар едім. Команда құрамында көшбасшы футболшылар да бар: Элмас, Барди, Димитриевски. Ал бапкер Милевски ұзақ уақыттан бері осында жұмыс істеп келеді. Ол футболшылардың әлеуетін жақсы ашады».
Солтүстік Македония ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің жетінші турында Бельгиямен тең ойнаған болатын.
Қазақстан құрамасы 13 қазан күні Тоше Проески стадионында Солтүстік Македониямен кездеседі.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол