Матч орталығы
Талғат Байсуфинов: Кенжебекті келесі ойынға сақтадық
10.10.2025 21:44

Фото: Ғалымжан Кенжебек және Бақтиер Зайнутдинов
Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Лихтенштейнмен болған матчта Ғалымжан Кенжебекті неліктен толық ойнатпағанын түсіндірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Әлі жас қой. Алда ойындар көп. Қазақта тіл-көз деген нәрсе бар ғой. Содан да сақтау керек.
Максим Самородов бүгін төртінші сары қағазын алып, келесі ойыннан шеттетілді. Сондықтан оны толық ойнатып, Кенжебекті Солтүстік Македониямен болатын матчқа сақтадық. Оразовты да сол себепті ауыстырып тастадық.
Ертең жолға шығамыз. Демалысқа уақыт жоқ», – деді Байсуфинов.
Қазақстан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді. Енді келесі ойынын 13 қазанда Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Ернар Ламқадыров