Матч-орталығы
Айымбетовтың агенті: Түркия және Румыния клубтарымен келіссөз жүргіздік
06.10.2025 18:04

Фото: Абат Айымбетов
Абат Айымбетовтың агенті Траян Гергишан ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық шабуылшының болашағы туралы пікір білдірді.
«Абатқа қатысты жағдай ерекше болып тұр. Бізге бірнеше ұсыныстар келіп түсті, оларды мұқият қарап жатырмыз, өйткені шешім қабылдаған кезде қателескіміз келмейді. Жақында Түркия, Румыния, Иран және Парсы шығанағы елдерінің клубтарымен келіссөздер жүргізгенімді растай аламын», – деді агент.
Гергишанның айтуынша, қазақстандық ойыншының көңіл-күйі жақсы екен:
«Оның отбасылық және жеке өмірінде мәселелері жоқ – бәрі жақсы. Біз оның болашағына қатысты нақты шешім қабылдағанша күтуіміз керек. Абат қазір бабында».
30 жастағы шабуылшы соңғы рет мамыр айында «Адана» сапында алаңға шыққан еді. Ол Түркия чемпионатының 37 матчында алты гол соқты.
Айымбетов оған дейін «Ақтөбе», «Қайрат», «Астана» және «Крылья Советов» командаларында ойнаған.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Еурокубоктар 7 тамыз, 14:24
Белгілі төреші «Тобылдың» жеңілісі туралы: «Партизан» пенальтиден және екі сары қағаздан аман қалды
2Ұлттық құрама 7 тамыз, 12:43
Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері Ван ’т Схип Дастан Сәтпаев жайлы айтты
3Ұлттық құрама 7 тамыз, 12:21
«Қазақтар – нағыз жауынгерлер»: Джон ван ’т Схиптің ұлттық құраманың бас бапкері ретіндегі алғашқы сөзі
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
46
2
45
3
35
4
33
5
31
6
28
7
27
8
23
9
22
10
22
11
21
12
20
13
19
14
19
15
17
16
16
Әлишер Аманжол