Матч орталығы
Елдос Ахметов: ұлттық құрамаға бір-екі күнде жаңа бапкер келеді
25.09.2025 15:00

Фото: Елдос Ахметов
Соңғы жылдары Қазақстан құрамасында бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеген Елдос Ахметов жақын арада ұлттық құрамаға жаңа жаттықтырушының келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Жаңа бапкердің мәселесі бір-екі күнде шешіледі. Жиналыс болып, бұл сұрақтың жауабы табылады. Қалған ойындарды Нұрбол Жұмасқалиев екеумізге тапсыра ма, жоқ па, ол басшылықтың шешімі. Ондай мүмкіндік берсе, ұлттық құраманы әрі қарай алып кетіп, бапкердің орнын жоқтатпауға тырысамыз. Ұлттық құраманы жаттықтыру әр бапкердің арманы ғой.
Өзіңіз білесіз, кезінде Андрей Карпович Молдоваға қарсы екі ойын өткізіп, бапкерлік дәрежесін көтеріп алды. Қазір «Елімайды» жаттықтырып жүр. Ұлттық құраманы нақты кім тізгіндейтінін білмеймін. Бәлкім Нұрбол [Жұмасқалиев] ағам тағайындалатын шығар», – деді Ахметов Есен Елеукенге берген сұхбатында.
Елдос Ахметов Станислав Черчесовтың және Әли Әлиевтің тұсында ұлттық құрамада бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс жасады.
Қазақстан құрамасы жыл соңына дейін Лихтенштейн (10 қазан), Солтүстік Македония (13 қазан) және Бельгияға (15 қараша) қарсы матч өткізеді.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Ернар Ламқадыров