Матч орталығы
Ташуев – Самородов туралы: ол басқа командаға жалға кетуі мүмкін еді
05.06.2025 18:53

Фото: Максим Самородов
«Ахматтың» бұрынғы бас бапкері Сергей Ташуев клуб басшылығының Максим Самородовты жалға беру туралы ойлағанын айтты.
«Ахматтағы» мансабы басталған кезде Самородов басқа командаға жалға кетуі мүмкін еді, бірақ халықаралық үзіліс кезінде оны жақсылап бақылап, клубта қалдыруды ұйғардық. Мен үшін вингерлердің қарсыластарды алдап өтуі, айып алаңына енуі және жекелей шеберлікке ие болуы маңызды, ал Макста бұл қасиеттердің бәрі бар. Тек оларды дамыту қажет.
Бізге оның қорғаныстағы әрекеттерін жақсарту керек болды, ал өтпелі фазада, яғни, прессингтен шығу кезінде Самодовтың проблемалары еш өзгеріссіз қалды. Мен оларды шешуге тырыстым, онымен жеке сөйлестім, бірақ бұл мәселені шеше алмадық.
Максим қарапайым жағдайларда допты жиі жоғалтып алып, қате шешім қабылдайды, сондықтан оған футбол интеллектін арттыру керек», - деді Ташуев BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында.
22 жастағы қазақстандық шабуылшы «Ахматқа» өткен жазда қосылған болатын. 32 кездесуге қатысып, сегіз гол соқты, төрт нәтижелі пас берді.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов