Матч орталығы
Әліп – Зайнутдиновтың Ресейге оралуы туралы: Егер келсең, «Зенитті» таңда деп айттым
05.06.2025 15:13

Фото: Нұралы Әліп және Бақтиер Зайнутдинов
Қазақстан құрамасының және «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп «Футбол Жолы» ютуб-арнасының жүргізушісі Ербол Қайыровқа берген сұхбатында Бақтиер Зайнутдиновты өз клубына шақырғанын айтты.
«Батеканың Ресейге оралуы туралы ақпарат тарады. Сосын мен оған шынымен мұнда қайтып оралатын болса, «Зенитке» ауысу керек екенін айттым. Ол бұл туралы ойланамын деп жауап берді. Иә, оған «Зенит», ЦСКА, «Локомотивтен» ұсыныстар болды. Оның бұрынғы әріптесі Ильзат Ахметов те Батеканы біздің командаға шақырды. Алайда трансфер болған жоқ.
Зайнутдинов «Зенитке» ауысса, ЦСКА жанкүйерлері ренжімей ме? Менің ойымша, ренжиді. Марио Фернандес біздің командаға қосылған кезде жанкүйерлер оны бірден жек көріп, тіпті команда аңыздарының тізімінен алып тастады», - деді Әліп.
Зайнутдинов қазір Түркияның «Бешикташында» доп теуіп жүр, ал оған дейін Ресейдің ЦСКА клубында өнер көрсеткен.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Ернар Ламқадыров