Матч орталығы
«Астана» қорғаушысы Кажуколовас маусымды ерте аяқтайды – тізе жарақаты қайталанды
03.09.2025 08:04

Фото: Кипрас Кажуколовас
24 жастағы «Астана» қорғаушысы Кипрас Кажуколовас маусым соңына дейін алаңға шықпайды. Литвалық ойыншы крест байламын үзіп алды, деп хабарлайды AS News (BorodAbata.kz).
Бұл елордалықтар үшін алаңдатарлық жағдай, өйткені футболшы бұған дейін бірнеше рет тізесіне ота жасатқан: тек «крест» емес, жанама байламдары да жыртылған болатын.
«Брайтондағы» төрт жылдың ішінде 3,5 жыл жарақатпен жүрдім. Мұндай кезеңде алты айдай ғана жаттығуға мүмкіндік болды», – деген еді Кипрас қаңтар айындағы сұхбатында. Енді оны тағы да ұзақ оңалту кезеңі күтіп тұр.
Григорий Бабаян шәкірттері маусымды 26 қазанда «Қайратқа» қарсы сырт алаңдағы ойынмен аяқтайды. Қазіргі сәтте «Астана» КПЛ турнир кестесінде көш бастап тұр.
Биыл Кажуколовас барлық турнирлерді қоса есептегенде 22 матч өткізді.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол