Матч орталығы
Серіков – Суперкубоктағы жеңісі жайлы: дайындалуға көп уақыт болмады
24.08.2025 12:05

Фото: Нарун Серіков
«Қайрат» футзал клубының қақпашысы Нарун Серіков Қазақстан Суперкубогында «Семейге» қарсы өткен ойынды (1:0) қорытындылады, деп хабарлайды BorodAbata.kz (AS News).
«Ойын екі команда үшін де қиын болды, бірақ соған қарамастан біз тапсырманы орындадық. Бізде де, қарсыластарымызда да дайындалуға көп уақыт болмады, формамыз да нашар еді. Аллаға шүкір, жеңіске жеттік. «Қайраттың» алдына әрқашан биік мақсат қойылады, сондықтан осы маусымда жанкүйерлерімізді басқа турнирлерде қуантуға тырысамыз», – деді Серіков.
Суперкубок ойыны Оралдағы су жаңа «Жайық Арена» спорт кешенінде өтті. Жалғыз голды Рафао соқты. «Қайрат» тарихында оныншы рет осы трофейді жеңіп алды.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов