Матч орталығы
Ғалымжан Кенжебек: «Зона комфортада» қалғым келмейді
31.05.2025 19:05

Фото: Ғалымжан Кенжебек
Словкияның «Кошице» клубында доп теуіп жүрген Ғалымжан Кенжебек YouTube-тағы BorodAbata арнасына берген сұхбатында шетелде жүрген Қазақстан құрамасының футболшысы Рамазан Оразов жайлы пікір білдірді.
Қазір шетелде жүрген қазақстандық футболшылар көп ойнап жүрген жоқ. Олардың қатарында мен де бармын. Қосалқы құрамнан шығып жүрмін. Ойын уақытым көп емес. Бірақ бұл да тәжірибе. Бапкер қанша уақыт берсе де ризамын. Мүмкіндік берді ме, пайдалану керек.
Рэм де [Рамазан Оразов] ойнап жүрген жоқ. Ұлттық құраманың жұлдызды футболшысы, бірақ клубтағы жағдайы нашар. Мұның немен байланысты екенін білмеймін.
– Рамазан әрқашан ізденісте жүреді. Әртүрлі чемпионаттарға барып, өзін сынап көреді. Ал сен ізденістесің бе?
Әрине. Мен бұрыннан айтамын: мақсатым – Еуропада ойнау, прогресс жасау, өзімді дәлелдеу деп. Әрдайым осы мақсатпен жүремін. «Зона комфортада» қалғым келмейді. Бірақ Еуропаға кеткен соң, өзіңе лайық команданы табу керек. Бапкер саған мүмкіндік беріп, ойнататындай. Әйтпесе, қиын болады.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Ернар Ламқадыров