Матч орталығы
«Локомотив» түлегі – «Тобылдың» жаңа ойыншысы туралы: Девенс – техникасы мығым шабуылшы
04.08.2025 08:19

Фото: Энрике Девенс
«Динамо» (Санкт-Петербург) вингері Дзамболат Цаллагов «Тобылға» жаңадан келген Энрике Девенс туралы пікір білдірді. Олар үш жыл бұрын литвалық «Дайнава» клубында бірге ойнаған.
«Маған Энрикенің ойыны ұнады: допты қалай ұстау керектігін білетін икемді шабуылшы. Ол «Дайнаваға» маусым ортасында келіп, команданы шынымен де күшейтті. Негізгі артықшылықтары? Керемет ашыла біледі және техникасы мықты, тез шешім қабылдайды. Қарсыласын бірге-бір алдап өте алады.
Сәнқой дейсіз бе? Құлағына таққан сырғасы мен түрлі киімдерінің бәрі оның ойынына әсер етпейді (күлді). Негізі Девенс салмақты футболшы, жеңілгенді ұнатпайды. Айтпақшы, ол аздап орысша сөйлейді», – деді Цаллагов BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында.
28 жастағы шабуылшы «Бабрунгас», «Трансинвест» және «Аль-Бидда» командаларында өнер көрсеткен. Девенстің соңғы клубы Владимир Чебурин баптайтын «Жальгирис» болды, ол жақтағы 20 матчта жеті гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол