Матч орталығы
Еуропалық клубтың капитаны қазақстандық командалардың назарына ілікті
4 қараша, 20:15

Фото: Йован Маринкович
Сербиялық «Нови Пазар» клубының қорғаушысы Йован Маринкович қазақстандық бірнеше клубтың назарына ілікті, деп хабарлайды ASnews.kz.
30 жастағы футболшыны өз қатарына қосуға басты үміткерлердің бірі – 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша бірінші лигада жеңіске жетіп, ҚПЛ-ға оралған қарағандылық «Шахтер».
Қорғаныстың ортасы мен қапталында, сондай-ақ тірек аймағында ойнай алатын футболшының өзіне де Қазақстанға ауысу қызықты.
Айта кетейік, Сербия чемпионатының ағымдағы маусымында Маринкович 13 матч өткізді. Бұған дейін әмбебап футболшы Бахрейн чемпионатында «Аль-Халдия» клубы сапында өнер көрсетіп, шетелде ойнау тәжірибесін алған. Ойыншының трансферлік құны 500 мың еуроға бағаланып отыр, ал оның қазіргі клубымен қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.
«Тобыл» Қазақстан құрамасының қорғаушысымен келісімшартқа отыруға жақын
Әлім Динасылов