Матч орталығы
«Тобыл» Қазақстан құрамасының қорғаушысымен келісімшартқа отыруға жақын
4 қараша, 18:30

Фото: Темірлан Ерланов
Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ақтөбенің» қорғаушысы Темірлан Ерлановқа ҚПЛ-дың бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Тобыл» тәжірибелі футболшыны өз қатарына қосуды жоспарлап отыр және тиісті ұсыныс та жасап үлгерді. Ерланов келесі жылы қостанайлық клуб сапында өнер көрсетеді деп күтілуде.
Айта кетейік, 33 жастағы футболшы өткен маусымда «Ақтөбе» сапында барлық додада 28 матч өткізіп, өз еншісіне алты гол мен бір нәтижелі пас жазды. Қорғаушы Қазақстан құрамасы сапында 23 кездесу өткізіп, екі гол соққан. Футболшының трансферлік құны 450 мың еуроға бағаланып отыр.
Арсен Әшірбекке «Ақтөбеден» басқа да клубтар қызығуда: толығырақ
Әлім Динасылов