Матч орталығы
Исламбек Қуат «Жеңістен» кетеді: толығырақ
21 қазан, 19:06

Фото: Исламбек Қуат
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат елордалық «Жеңістен» кетеді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Тараптар ынтымақтастықты ұзартпау туралы шешім қабылдады. Қуаттың клубтың «Тобылға» қарсы соңғы матчына қатыспағаны белгілі, бұл ойында елордалық команда 2:4 есебімен жеңіліс тапты.
Сондай-ақ ол «Жеңістің» «Ордабасыға» қарсы өтетін алдағы матчына да қатыспайды.
Тәжірибелі футболшымен келісімшартқа отыруға басты үміткер – оған 2026 жылдың басында келісім ұсынған «Қызылжар» клубы. Сонымен қатар Қуатқа «Шахтер» де көз салып отыр.
33 жастағы жартылай қорғаушы елордалық «Жеңіс» құрамына 2025 жылдың ақпан айында еркін агент ретінде «Астанадан» келген еді. Биылғы маусымда Қуат Қазақстан чемпионаты мен Кубогында 27 матч өткізіп, екі гол соқты және үш нәтижелі пас берді.
Жартылай қорғаушы бұған дейін алматылық «Қайрат», «Ақтөбе» және көкшетаулық «Оқжетпес» намысын қорғаған. Оған қоса, Қуат «Оренбург» пен «Химки» сапында өнер көрсетті. Ойыншының трансферлік құны 275 мың еуроға бағаланып отыр.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Исламбек Қуат 75 матч өткізіп, алты гол соқты және екі нәтижелі пас берді.
Иван Башич мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін: қызығып отырған клуб белгілі болды
Әлім Динасылов