Матч орталығы
«Жеңіс үшін ойнаймыз»: «Панатинаикос» жартылай қорғаушысы «Қайратқа» қарсы матч туралы
21 қазан, 17:22

Фото: Этьен Камара
Грекиялық «Панатинаикостың» франциялық жартылай қорғаушысы Этьен Камара матч алдындағы баспасөз мәслихатында жаңартылған УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінің екінші туры аясында алматылық «Қайратқа» қарсы өтетін ойынға команданың дайындығы мен көңіл-күйі туралы айтты, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Біз барынша жиі жеңіске жеткіміз келеді және сол үшін күн сайын талмай еңбек етіп жатырмыз. Бізде ешқандай шектеулер жоқ, біз тек осы қарқынымызды жалғастырғымыз келеді. Біз жай ғана матчтан матчқа дейін алға жылжимыз деп ойлаймын. Біз үшін ешқандай айырмашылық жоқ, ертең кезекті футбол матчы өтеді. Біз ешнәрсені бөліп-жармай, өз ісімізді жалғастыра береміз және тек жеңіс үшін ойнаймыз», – деп мәлімдеді Камара.
Еске салайық, УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінің екінші туры аясындағы алматылық «Қайрат» пен грекиялық «Панатинаикос» арасындағы матч бейсенбі, 22 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады. Бірінші турда грекиялық ұжым өз алаңында босниялық «Борацты» (2:1) жеңген болатын.
Әлім Динасылов