Матч орталығы
«Тобыл» көшбасшысы қыста команда ауыстыруы мүмкін
20 қазан, 17:48

Фото: Жаслан Жумашев
Қазақстан ұлттық құрамасы мен қостанайлық «Тобылдың» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Жасұлан Жұмашевтың осы маусым аяқталғаннан кейін мансабын жалғастырудың бірнеше нұсқасы бар, деп хабарлайды ASnews.kz.
25 жастағы футболшының қостанайлық клубпен келісімшарты осы жылдың соңына дейін жарамды. Қазіргі уақытта Жұмашевқа бірден бірнеше команда, оның ішінде шетелдік клуб та айтарлықтай қызығушылық танытып отыр.
Ағымдағы маусымда жартылай қорғаушы барлық додаларда 21 матч өткізіп, сегіз гол соқты және екі нәтижелі пас берді.
Еске салайық, биыл Жұмашев Қазақстан ұлттық құрамасы сапында FIFA Series турнирі аясында Намибияға (2:0) қарсы матчта алғашқы ойынын өткізген болатын. 25 жастағы футболшының трансферлік құны 300 мың еуроға бағаланып отыр.
«Елімай» капитаны Рамазан Оразов мансабын өзге клубта жалғастыруы мүмкін
Әлім Динасылов