Матч орталығы
«Ақтөбе»–«Ордабасы» матчындағы аты шулы баннердің авторлары жазаға тартылды
19 қазан, 17:08

«Ақтөбе» мен «Ордабасы» арасындағы ҚПЛ матчында аты шулы баннердің авторлары жазаға тартылды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында «Ақтөбе» және «Ордабасы» командалары арасындағы футбол матчы кезінде кәмелетке толмаған қыздардың жағымсыз мазмұндағы плакат ұстағаны бейнеленген фотолар анықталды.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтады. Ата-аналарының қатысуымен олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Қыздардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмаған қыздар өз әрекеттерінің заңсыздығын түсінді.
ҚПЛ 23-турындағы матчта «Ордабасы» сырт алаңда «Ақтөбені» 3:1 есебімен жеңді. Алаң иелері сапында Даниэль Соса көзге түссе, шымкенттік клуб Лео Нател, Сергей Малый және Тидиан Кейтаның голдарымен жауап қайтарды.
Ернар Ламқадыров