Матч орталығы
«ҚПЛ мені таңғалдырды»: «Каспий» көшбасшысы «Астанамен» тең түскен матч туралы
20 қазан, 11:01

Фото: Кеба Силла
«Каспийдің» шабуылшысы Кеба Силла ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында франциялық «Нимнен» ауысқаннан кейін Қазақстан чемпионатындағы ойын қарқынына таңғалғанын мойындады.
«Каспийге» ауысқан кезде қатты уайымдадым, өйткені мен үшін мүлдем жаңа елді тану керек болды. Франциядан алғаш рет жыраққа шықтым. Бірақ, шынымды айтсам, бүгінгі таңда бәрі тамаша өрбіп жатыр.
«Астана», «Қайрат», «Ақтөбе», «Тобыл» және «Ордабасы» сияқты жергілікті клубтарды шынымен мықты қарсыластар деп санаймын. Оларға қарсы ойнау қызық. Жалпы, ҚПЛ-дағы деңгей жоғары – ойын қарқыны мені таңғалдырды», – деді 28 жастағы форвард.
Сондай-ақ Силла ҚПЛ-дың 23-турындағы кейінге шегерілген «елордалықтарға» қарсы матчтың қорытындысына пікір білдірді:
«Бұл өте тартысты ойын болды. Қанжығамызға бар-жоғы бір ұпай байлап қайтқанымыз өкінішті, өйткені шын мәнінде жеңіске лайық едік», – деп қосты ол.
Айта кетейік, «Каспий» мен «Астана» өзара ұпай бөлісті (2:2). Ақтаулық команданың жаңа ойыншысы Кеба Силла гол соғып, нәтижелі пас берді және осы маусымдағы нәтижелі әрекеттерінің санын жетіге жеткізді.
Франциялық шабуылшы «Нимнен» бөлек «Тулон» сапында өнер көрсеткен. Оның еншісінде өз елінің төртінші дивизионында соққан 16 гол бар.
«Ақтөбе»–«Ордабасы» матчындағы аты шулы баннердің авторлары жазаға тартылды
Әлишер Аманжол